№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық құндылықтар дәріптелген күн

Ұлттық құндылықтар дәріптелген күн


Жуырда психолгиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында семинар өтті. Аудандық білім бөлімі мен ППТК-ның ұйымдастыруымен өткен шараны Шынар Тұрсынбаева ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.


– Негізгі мақсат – ұлттық құндылықты насихаттау. Ұмыт болған салт-дәстүрлермен, ұлттық ойындарды қайта жаңғырту. Осындай жиындарға белсене араласып, бабалар аманатын ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сонда біздің тәрбиелеп отырған балаларымыз, отансүйгіш азаматтар болып қалыптасады, - деді Шынар Есалықызы.
Аудан психологтарының басын қосқан басқосуда педагог-психолготар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Мәселен, №5 «Балғын» балабақшасының психологы Меруерт Өскенбайқызы ұлттық аспаптар күйімен релаксация жасатса, «Болашақ» балабақшасынан Гүлнұр Бүркітбаева ұлттық құндылықты дәріптейтін көрмемен таныстырды. Ал, түгіскендік №27 балабақшадан Күнімай Жұмабаева ұлттық тағамдарды насихаттаса, №19 балабақша психологы Құндызай Рүстемова ұлттық құндылықтардың шығу тарихына тоқталды. Сонымен қоса, арнайы балабақша психологы Маржан Ибрагимова викториналық сұрақтар дайындап, ұллттық құндылықты психологиямен байланыстырды.
– Әрбір педагог білім берумен қатар, тәрбие беру ісіне де аса мән бергені жөн. Сондықтан, бұл семинардың қоғам үшін, балалар үшін маңызы зор. Баланы жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйрету маңызды. Ал, ол үшін алдымен біздердің өзіміз осы бағытта ізденіп, ақпаратты толықтыруымыз керек. Бүгінгі семинардың да негізгі мақсаты осы, – дейді Меруерт Өскенбайқызы.
Ұлттылығымызды айқындайтын құн­дылықтарымызыды дәріптеу мемлекет үшін маңызды. Ол жайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда арнайы тоқталып, «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған шара деп санаймын», - деген болатын.
Иә, бала тәрбиесі, оның психологиялық тұрғыда саналы жетілуі баршаға ортақ іс. Тәрбие барысында бала бойына ұлттық құндылықтарды дарыту парасаттылыққа бастайды.
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген тәмсілі бекерге айтылмаған. Сондықтан, бүгінгі педагог-психологтардың басын біріктірген жиынның мақсаты да осы. Өйткені, ел болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты мақсат. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, бүгінгі бүлдіршін болашақта қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары деңгейде атсалысып, бабадан қалған мұраны дәріптейтін ел азаматтары болып қалыптасары анық.

Айсұлу Алданазар

15 қазан 2024 ж. 166 0