№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды


Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкок қаласында (Таиланд) өткен бокс кешінде жұдырықтасып, әлем чемпионы атанды.

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған еді.
07 қазан 2024 ж. 337 0