№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар қанатының жұмысы жандана бастады

Жастар қанатының жұмысы жандана бастады


Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде бірнеше саяси маңызды оқиға болды. Adal партиясы Amanat партиясына қосылды. Бұл қазіргі әлемдік тәжірибедегі қалыпты жағдай. Amanat партиясы өз тарихында осындай бірнеше кезеңнен өткен болатын. Бұл қадам азаматтық қоғамға, партиялар, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешімін хабарлады. Осы орайда, Президенттің ұсынысы бойынша партия төрағасы болып бірауыздан Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов сайланды. Президенттің бұл қадамы Жолдауда айтылған саяси реформаларды жүзеге асырудың басталғандығының айқын көрінісі. Сонымен қатар
Қасым-Жомарт Кемелұлы Amanat партиясы еліміздің саяси өмірінде ерекше орын алатын ұйым болып қала беретінін және оның стратегиялық бағыты өзгермейтінін атап өтті. Бұл Жастар қанатына да байланысты ұғым.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын негізге ала отырып, бүгінде Жастар қанатын жандандыру бойынша жұмыс басталып кетті. Біз жас буын арасындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа бағыттарды белгілеп, Orleu, Qaisar, TazaLike секілді партиялық жобаларды іске асыруға күш салып жатырмыз. ТазаLike партиялық жобасы экологиялық мәдениет пен ойлауды, өмір салтын қалыптастыруды көздесе, Qaisar әскери-патриоттық жобасы пат­риотизмге, жоғары моральдық-психоло­гиялық қасиеттерге тәрбиелеуге және әскери қызметтен жалтаруды жоюға бағыт­талған. Ал Orleu – ауыл жастары үшін әлеу­меттік лифт. Ауыл жастарының әлеуе­тін толыққанды ашуды қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында жүзеге асатын болады.
Айта кететін тағы бір маңызды жайт – алдағы уақытта Жастар қанатының съезін өткізу ойда бар. Съезд барысында ұйымға жаңа атау беру қарастырылып, толықтай ребрендинг жасалады. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын ұйым мүшелері қатысатын бұл шарада жастарға арналған жаңа бағдарлама қабылданып, Орталық кеңес мүшелері жаңартылмақ.
 
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,
Amanat партиясы
Жастар қанатының төрағасы
27 сәуір 2022 ж. 391 0