№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МОПЕД ПЕН САМОКАТ: ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАП ЖҮРМІЗ БЕ?

МОПЕД ПЕН САМОКАТ: ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАП ЖҮРМІЗ БЕ?



Кент көшелерінде электрсамокат пен мопедтің рулін тізгіндегендер көбеймесе азаяр емес. Кейінгі кезде осы құралдардың қатысуымен жол-көлік апаттары жиілеп кетті. Бұл жағдайдың аржағында жауқазын жастың өмірі қатерде тұрғаны тәртіп сақшыларын да алаңдатып отыр. Былтыр елімізде электрсамокаттардың қатысуымен 68 оқыс оқиға орын алып, 1 адам қаза тапқан, 70 кісі жарақаттанған. Ал жыл басынан бері 41 оқиға тіркеліп, бір адам жан тапсырып, 40 адам зардап шеккен. Ал, аудандағы жағдай қалай?
Көліктің бұл түріне сұраныс 2020 жылдан бастап артып келеді. Жұмысқа, сабаққа жылдам жетіп баруға ыңғайлы. Экологияға еш залалы жоқ, кептелісте кідірмей, діттегенжеріңе жеткізеді. Тек сақтықты білмейтін жастардың көшенің кез келген бұрышынан тұтқиылдан шыға келетіні жаяу жүргіншілердің де, көлік иелерінің де жүйкесіне тиіп тұр. Самокатта сайрандау үшін сынақтан төтіп, құжат алудың қажеті жоқ. Есіргендер кесірінен есесіне жол апаттары жиілеп кеткені көпшілікті алаңдатады.
Сондай-ақ ережеге салғырт қарайтын жүргізушілердің екі аяқты көлікке қосарлана жайғасып, жаяу жүргіншілердің жолына бөгет жасайтынына да көндігіп келеміз. Еске салсақ, 2021 жылы Қазақстанда мопедтің қатысуымен 68 апат болып, бір адам көз жұмған. 71 адам зардап шеккен. Биыл электр құрылғысының қатысуымен 41 апат тіркелген. Ал Жаңақорған ауданында жыл басынан бері 10 мопед жүргізушінің жол ережесін сақтамауы тіркелді. Өз көзіміз көрген жағдайды сөз етсек, «Биқожа» дүкенінен әзір ғана сатып алған мопедіне жайғасып, құйғыта жөнелген жасөспірім көшенің жартысына жетіп үлгермей, қарсы бағытта келе жатқан көлікке ұрынып үлгерді. Жасөспірім аман қалғанымен сол сәт есін жоғалтып алды. Жаңа ғана несиеге рәсімдеп сатып алған көлік дымға жарамай қоқысқа кетті. Құлағымыз тыныш болсын деп баланың қалауын жасайтынымыз жалған емес. Екі аяқты «тұлпарға» қатысты жағдай ушығып кеткен соң, Үкімет тарапынан бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, электрокөліктерге қатысты мәселе 2021 жылдың қазан айында Сенаттың жалпы отырысында талқыланды. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында электросамокат, гироскутерлер, мопед азаматтардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіретінін айтқан еді. Араға бір ай салып Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленетінін жеткізді. Онда Көшедегі бейнебақылау камераларының іске қосылуы жол қозғалысын реттеуге сеп. Мұны елемеген көлік жүргізушілері айыппұл арқалауда. Соның бірі Бауыржан деген азамат ренішін төмендегіше жеткізді: «Көшеде көлік жүргізіп, күнделікті нәпақа тауып жүрген жандар үшін айыппұлдың өскені едәуір ауырлық әкелуде. Күніне 2 мыңдай табыс түсіріп жүр едім, 18 460 теңге айыппұл төлегеніме ішім ашып тұр. Себеп, жолаушының белдік тақпағаны. Осындай майда-шүйдеге айтарлықтай айыппұл салынуы дұрыс па? Кенттің шұрық тесік жолдары көліктің қосалқы бөлшегін тоздырады. Оған айына қаншама шығын кетеді», – деп шағымданды.
Шындығында, біздің ауданда ең көп төленетін айыппұлдардың бірі – жылдамдықты 20 км/сағ асыру (5 АЕК) – 18 460 теңгеге дейін өсті. Белдік тақпау, самокат немесе мопедте шлемсіз жүру, аялдау және тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін де дәл осындай көлемде төлеуге тура келеді. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткендерге 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынады. Жүргізушілер мына жағдайда 10 АЕК айыппұл арқалайды: егер жаяу жүргіншіге жол бермесе; жылдамдықты 20 км/сағ-тан 40 км/сағатқа дейін асырса; мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойса. Жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл көзделген.
Сондай-ақ ол 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Жол апаты орнынан кетіп қалған жүргізушіге де осындай көлемде айыппұл салынады немесе айыппұлды бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасына алмастырады. Утиль алымы да айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Мәселен, 50 АЕК базалық ставка құны 184 600 теңгеге дейін көтеріледі. Автокөлікті кіргізгені үшін ең төменгі төлем: 1000 см³ дейін – 276 900 теңге; 2000 см³ дейін – 646 100 теңге; 3000 см³ дейін – 923 000 теңге. Электромобильдер үшін ештеңе төлеудің қажеті жоқ – утиль алымы нөлге тең. Автокөлікті бастапқы тіркеу ставкасы 923 теңгеге тең. Жасы үш жылға дейінгі көліктерді есепке қою 172 500 теңгеден 184 600 теңгеге дейін өседі. Үш жылдан асқан авто үшін (500 АЕК): 1 725 000 теңгеден 1 846 000 теңгеге дейін. Жол белгілері ортақ талапқа сай ма? Айта кету керек, қазір жол белгілеріне, тіпті бағдаршамның тәртібіне бағынбайтын жүргізушілер көп. Әсіресе Хорасан ата көшесінен полиция бөліміне барар жолдағы бағдаршам тұсында көлік апаты жиі орын алады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қауіпті аймақтарға жылдамдықты тежегіш жол белгілер, жасанды жол кедергілері орнатылған. Яғни облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және кентішілік көшелердегі 200 жол белгісі жаңартылып, 400-ге жуық жол белгілері қайта қалпына келтірілді. Кент орталығындағы Тәуелсіздік, Хорасан ата және Амангелді көшелерінің жол үсті таңбалары жаңартылып, кенттің барлық көшелерінде жаяу жүргінші жолақтары сызылды. Сонымен қатар кент әкімі аппараты теңгеріміндегі 28 дана бейнебақылау қондырғысы қалпына келтіріліп, көше қозғалысын бақылайтын камералар аудандық полиция бөліміне берілді. Алайда кент әкімдігі тозығы жеткен белгілер көп екенін жасырмады. – Жаңақорған кентінің Хорасан ата көшесіндегі «Синойл» жанар-жағар май құю бекеті тұсын, «Прайм парк» жанын, «Ақсарай» спорт кешені маңы, «Аяна» мейрамханасы және А.Иманов көшесіндегі «Аркен» сауда үйінің тұсын, барлығы 5 жол өткелін «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» технологиясымен жабдықтауға 19150,0 мың теңге теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Bastau Group LTD» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2023 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілді. Айта кететін жайт, «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» қондырғысы облыс бойынша алғашқы болып Жаңақорған ауданында орнатылды. Қондырғының жұмыс істеу тәртібі: жаяу жүргінші өткелге келгеннен кейін қондырғыдағы түймеге қолын қою арқылы қондырғыға пәрмен береді. Түйме басылғаннан кейін 30 секунд ішінде қондырғы бағанасында қызыл түсті жарық жанып, өткелге жарық (прожектор) жанады. 30 секунд ішінде жаяу жүргінші жолдың келесі бетіне өтуі тиіс. Қондырғы бойынан қызыл түсті жарық жанғанда автокөлік жүргізушілері тоқтап жол беруі міндетті, – деді Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман Дәулет Өмірәлиев. 2023 жылы жол қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстар туралы сөз етсек, Жаңақорған кентіндегі жол белгілерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 5 569,4 мың теңге жұмсалды. Жаңақорған кентіндегі бағдаршамдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 2069,4 мың теңге, Қожамберді ауылдық округінің №262 орта мектебі орналасқан М.Шадиков көшесіне жолда жүру қозғалысының белгілері мен жасанды жол кедергісін орнатуға 447,0 мың теңге жаратылды. Сондай-ақ Аққорған ауылдық округіне жолда жүру қозғалысының белгілерін орнатуға – 2 894,0 мың теңге қаралып, конкурстық жұмыстар нәтижесінде «Жанкент» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2023 жылдың мамыр айында елді мекенге 81 жол белгісі орнатылды. Сүттіқұдық ауылдық округіне жолда жүру қозғалысының белгілерін орнатуға – 1 319,0 мың теңге қаралып, конкурстық жұмыстар нәтижесінде «Жанкент» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 2023 жылдың мамыр айында елді мекенге 23 дана жол белгілері мен 2 жерге жасанды жол кедергісі орнатылды. Енді жол үсті таңбасын сөз етсек, Жаңақорған кенті көшелерінің жол үсті таңбасын және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға – 10 074,0 мың теңге бағытталды.
Наурыз айында жеңімпаз мекеме «БАМТТ» ЖШСмен келісім шарт жасалып, 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында кент орталығының басты көшелерінің және білім беру мекемелерінің айналасындағы жаяу жүргіншілер өткелінің жол үсті таңбалары жаңартылды. Өткен жылы тамыз айында жол үсті таңбаларын жаңартуға аудандық бюджеттен 10 074,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қазан айында Жаңақорған кентіндегі басты жолдарға сызу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл жол қауіпсіздігі белгілері қай ауылдарда жаңарады? Аудандық бюджет мүмкіншілігіне және елді мекендерді жол қауіпсіздігі белгілерімен қамту жоспарына сай Байкенже, Билібай, Шалқия, Құттықожа елді мекендерін, сондай-ақ Жаңақорған кентіндегі Саяжай, МАИ бекеті мөлтек аудандарын жол белгілерімен қамтуға сметалық құжаттамалар әзірленуде. Түйін. Біз айыппұл мөлшері артса да жолдың сапасы мен жол қауіпсіздігінің деңгейі заманауи талапқа сай келе ме деген сұраққа жауап іздеп, цифрларды сөйлетіп көрдік. Байқағанымыз, айыппұл мөлшері артқанымен жол ережесін сақтамайтындар, мас күйінде көлік тізгіндейтіндер, кәмелетке толмаған балалардың көлік айдауы тыйылар емес. Неге дейсіз бе? Қоғамдық пікірдің әлсіздігінен болар. Көптің салығынан жиналған қаржыға қойылған жол белгілерін оңды-солды қиратып, белгі тақтайшасын белден үзіп жүрген де өзіміздің еркетотайлар. Жол ережесі мен ортақ тәртіпке бірдей бағынып, қоғамның қауіпсіздігін қалыптастыру азаматтық міндетіміз. КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ: айыппұл артты, нәтиже қандай? Жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл 7 пайызға артты. Бұл ережені ескермегендердің қалтасы әжептеуір қағылуда. Жол қозғалысын реттеу ережесі бойынша жыл басынан бері 61 азаматқа айыппұл салынғаны мәлім болды. Көлік тізгіндеген тұрғындар нені ескеру керек? Айыппұл төлеуде қандай жеңілдіктер бар? Осы секілді көпті толғандырған өзекті мәселелерді тақырыбымызға арқау еттік. ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАП ЖҮРМІЗ БЕ? МОПЕД ПЕН САМОКАТ: Кент көшелерінде электрсамокат пен мопедтің рулін тізгіндегендер көбеймесе азаяр емес. Кейінгі кезде осы құралдардың қатысуымен жол-көлік апаттары жиілеп кетті. Бұл жағдайдың аржағында жауқазын жастың өмірі қатерде тұрғаны тәртіп сақшыларын да алаңдатып отыр. Былтыр елімізде электрсамокаттардың қатысуымен 68 оқыс оқиға орын алып, 1 адам қаза тапқан, 70 кісі жарақаттанған. Ал жыл басынан бері 41 оқиға тіркеліп, бір адам жан тапсырып, 40 адам зардап шеккен.
Ал, аудандағы жағдай қалай? электросамокаттарды «шағын электр көлік құралы» деп атап, оларды басқаратын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу туралы жазылған. Ал келесі жылдың 14 маусымында электросамокаттың қозғалысын реттейін ұлттық стандарттың алғашқы нұсқасы әзірленді. Жобаны әзірлеушілер электро көліктердің барлық түрі үшін ең жоғары жылдамдықты енгізуді ұсынды. Өзгеріс бойынша электросамокат жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы қажет. Ал одан жоғары, нақтырақ айтсақ, сағатына 50 шақырым болса, А1 санатындағы жүргізуші куәлігі талап етіледі. Дегенмен жүргізушілердің жылдамдығын бақылауға ұстап отырған ешкім жоқ. Аудандық жол полиция бөлімінің басшысы Бақытжан Көркембаев: – Ереже бойынша электрокөліктер жаяу жүргіншілердің жолымен баяу қозғалуы керек. Қозғалыс барысында ұялы телефонмен сөйлесуге не телефон экранына қарауға тыйым салынады. Бір самокат тек бір адамға ғана арналады. Екі адам болып мінгенде, жарақат алу қаупі артады, – деді. Мопедтерді Wolt, Glovo, Яндекс. Еда секілді компаниялардың жеткізушілері белсенді қолданады. Ауданда бұл көлік түрін табыс көзіне айналдырып, бірнеше жастарды жұмыспен қамтып отырған «ALО» тез жеткізу қызметін кент тұрғындары жақсы біледі. Солардың қатарында 24 жастағы Азамат Бекасыл «ALО» тез жеткізу қызметінде жеткізушісі болып істейді. Ол тауарды жылдам жеткізуде мопедтер ыңғайлы дейді. «Тасымалдау қызметінде бір жылдан астам уақыт жұмыс өтілім бар. Тұрғындарға пицца тасып жүрмін. Діттеген жерге он минуатта жетемін. Май жемейді. Жақсылап қуаттап алсам, үш күнге дейін жетеді. Шығыным аз. Ал соңғы өзгерістерге байланысты айтсам, мопедті оңды-солды жүргізетіндерді қолдамаймын. Сондықтан жүргізуші куәлігін талап еткені дұрыс деп ойлаймын», – дейді ол. Дегенмен, саябақта, кент көшелерін серуендегісі келетін жұртшылық әсіресе ата-ана кенеттен қауіп төндіретін мопед атаулыға қарсы. Екі баланың анасы Айман Бекболаттың айтары бар. – Мопедтер велосипед жолымен де, жаяу жүргіншілердің жолымен де жүре береді. Өзіміз сақтанармыз, кішкентайлармызға өте қауіпті, – дейді ол. Электр көлігімен қатынау шет елдің тәжірибесінде белсенді қолданылады. Сөйтсе де халық саны көп Еуропа елдерінде, әсіресе Түркияда 15 жасқа дейінгі азаматтарға электрокөліктерді тізгіндеуге тыйым салынған.
Сондайақ, министрлік тарапынан «200 адамға – 1 самокат» жүйесі енгізілді. Яғни электросамокаттарын барлығы дерлік қолдана алмайды. 16 миллионға жуық халқы бар Ыстамбұлда тек 75 мың электросамокат пайдалануға берілген. Ал Германияда тек 14 жастан жоғарыларға электросамокат жүргізуге рұқсат беріледі. Жол апаттарының негізгі себептеріне тоқталсақ, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы (мотошлем), қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жолдың ортасында жүру, жылдамдықты асыру, белгіленген жасқа толмаған және жол қозғалысы ережелерін білмейтін адамдарды басқаруға жіберу, адам мінгестіру және тағы басқа жол ережесі талаптарын сақтамауы салдарынан орын алуда. Қызылорда қалалық прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесе жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде жол ережесі талаптарын бұзған 613 мопед, мотоцикл, скутер иелері әртүрлі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Егерде Сіз мопед, мотоцикл мен скутер айдаушылары тарапынан жол ережесі талаптарын бұзу жағдайына куә болсаңыз бұзушылық туралы ақпараттарды ұялы телефонға «Timestamp camera» қосымшасын жүктеу арқылы фото және бейне жазбаға түсіріп, «8778-341-73-90» ұялы байланыс телефон нөмірінің «WhatsApp» желісіне жібере аласыз. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау және құқықтық тәртіпті нығайту ортақ міндет. Өңірдің экологиясын жақсартып, «жасыл қалаға» айналу – ерекше назарда. Дей тұрғанымызбен, жаңа заманға ілесеміз деп жүргенде, сақтық шараларын ұмытпағанымыз абзал. Үкімет тарапынан енгізілетін өзгерістер қауіптің алдын алса игі…

Мақпал Пәтенова

03 қыркүйек 2024 ж. 437 0