Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 379

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды


Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты.
"Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады", - деді Ерболат Досаев. Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.
09 тамыз 2024 ж. 261 0