№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ақынды ұлықтаған ауыл

Ақынды ұлықтаған ауыл



Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлтазаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай Жайылма ауылдық клубында “Ұлттың ұлы ұстазы” атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Оған 10 талапкер қатысты.
Қайраткерін ұлықтаған шараға ауыл әкімі Әлиби Төлешұлы қатысып, ақындарға ақжарма тілегін жеткізді.
– Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» – деп ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырды. Артынан қаншама өшпес із қалдырған ақынға арналған мүшайраға талапкерлер үлкен ізденіспен келіп, бақ сынап жатыр. Осының өзін ақынға ұқсап бағу деуге болатындай, – деді ауыл әкімі.
Айтулы додада әділқазылар шешімімен бас жүлде "Арман" кенттік мәдениет үйінің жас ақыны Азамат Тәуекелге бұйырды. Оған себеп, жас талант ақынға арнауында теңеулерді сәтті келтірген., "Өлең жазған адамның бәрі ақын, ал батырлық бәріне берілмейді" деген жыр жолдары көптің жадында сақталды. Сондайақ, жүлделі 1-орын Жайылмалық ақын Мұхаммедәли Абдуллаевқа берілді. Жүлделі 2-орынды Бірлік ауылынан келген Мадияр Оспанов пен жаңақорғандық ақын Айдос Жұмаділләұлы еншілесе. 3-орынды қожамберділік жас ақын Тұрар Қалмахан мен сүттіқұдықтық ақын Думан Бекмырза бөлісті. Жайылмалық ақындар Наржан Бижанов пен Әбдімүтәліп Әмина, жаңарықтық Мешітбай Ерасыл мен "Арман" кенттік мәдениет үйінен келген Болат Исламхан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды. Түйін. «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы». Ахметтің осы тағылымы әр ақынға шырағдан іспетті. Оны жылдар бойы тануымыз керек. А.Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі тартқан қорлық, көрген азабы болашаққа артқан үміт-арманы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықысыз қызмет етуге арналды. Ақынды ұлықтаған мүшайраға қатысып, қайраткерді жанжақты зерттеп, жүрек сөздерін арнаған жас талаптар өлеңінде оның осындай қыры одан сайын жарқырай түсті.

Мақпал МАРҚАБАЙ
30 шілде 2024 ж. 461 0