№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

ҚР Президентінің кеңесшісі Ернар Баспаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудегі кейбір мәселелер мен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Қызылорда облысында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, келесі жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қызылорда облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 10 мектепте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Аймақта экологиялық акцияны ұйымдастырудың өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған қатысқан еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорындар қызметкерлері 13 мың тоннадан астам қоқыс қалдығын шығарып, скверлер мен парктерді, тарихи-мәдени ескерткіштерді, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандарын, су айдындарын, субұрқақтарды, арықтарды, аулалар мен көше бойларын тазартты. Тазалық шараларына 500-ден астам техника жұмылдырылды. Көркейту-көгалдандыру барысында өңір климатына жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.
Айналаның тазалығы, көркейгені ең алдымен, жергілікті тұрғындарға, демалыс маусымында емін-еркін ойнау үшін балаларға керек. Экологиялық акцияны бірреттік науқан ретінде қабылдаудың жөні жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет» деген болатын.
Бүгінде демеушілік есебінен Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен жаңартылды, 20 үйдің ауласы абаттандырылды. Орталық алаңды жаңғыртуға демеушілік есебінен 1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге жұмсалды. Осы күндері алаң көпшіліктің кешкі демалыс уақытын өткізетін орнына айналды.
Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – теміржол вокзалы мен перроны күрделі жөндеуден өткізілді. Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы салынды. Тағы 17 үйдің ауласы абаттандырылып, 14 спорт-ойын алаңы салынып, 7 ойын алаңы жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Мұнан бөлек, демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеттері заманауи үлгімен әрленуде. Аудандарда да көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынуда.
Өткен жылы ғимараттардың қасбетін, аялдамаларды әрлеудің, көшелерді жарықтандыру мен сырлаудың, безендірудің, балалар ойын және спорт алаңдарын салудың біркелкі дизайн коды бекітілді. Облыс орталығынан бастап барлық елді мекендегі ғимараттар, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары бекітілген бірыңғай архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.
Тазалық шараларының сапасын арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» онлайн платформасы іске қосылған. Салалар бөлінісіне қарай бекітілген операторлар, модераторлар мен орындаушылар тұрғындардан түскен өтініштер негізінде уақытылы шара қабылдап, жауабын беруде.
19 шілде 2024 ж. 171 0