№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС бойынша жиі қойылатын сұрақтар

МӘМС бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына жеке кәсіпкерлерден, студенттерден және басқа санаттағы азаматтардан түрлі сауалдар келіп түседі. Ең жиі кездесетін сұрақтарға бас сарапшы Айгүл Аханова жауап берді.
Күндізгі оқу бөлімінде оқып жүріп, ресми жұмыс істейтін студенттер үшін жұмыс беруші МӘМС жарнасы мен аударымдарын төлеуге міндетті ме?
МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес, жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын (колледж, жоғары оқу орындары) азаматтар жеңілдік санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.
Тиісінше, студенттер мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Жұмыс берушіге оқу кезеңін көрсететін және оқу орнынан ай сайынғы растауды қажет етпейтін анықтаманы тапсыра аласыз.
Жеке кәсіпкер декреттікдемалыста әрі табысы жоқ болса,  МӘМС үшін төлем жасауы керек пе?
«Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер», «жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар» жеңілдік санаттарына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ әйелдер кіреді.
Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.
«МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес ЖК, ШҚ иелерінің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы төлем мөлшері 2024 жылы 5 950 теңгені (1,4 ЕТЖ-дан 5%) құрайды.
«МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер жеке кәсіпкер жұмыс жасамаса (кірісі болмаса), онда салық органдарында кәсіпкерлігін тоқтата тұру үшін тиісті рәсімдерді жүргізу қажет.
Жұмысқа орналасқан кезде МӘМС-ке төлемдер қалай жасалады?
«МӘМС туралы» Заңға сәйкес МӘМС есебінен медициналық көмек алу үшін 12 ай бойы үздіксіз төлемдер түсу қажет. Егер сіз бұрынресми түрде жұмыс істемеген болсаңыз, ондажұмысқа орналасу алдында МӘМС-ке өткен айлар үшін төлем жасағаны жөн.
Мысалы, егер қызметкер жұмысты шілде айында бастаса, онда төлемдер 2023 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың шілдесін қоса алғанда дербес төлеуші ретінде төлеу қажет.
2023 жылы МӘМС-ке ай сайынғы жарна сомасы 3 500 теңгені құрады. 2024 жылда – 4 250 теңге.
Аударымдар мен жарналарды өңдеу, аудару үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді msqory.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы тексеруге болады.
14 шілде 2024 ж. 241 0