№53 (8764) 6

06 шілде 2024 ж.

№52 (8763) 2

02 шілде 2024 ж.

№51 (8762) 29

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Tomiris» жобасы: 2024 жылға өтінімдерді қабылдау басталды

«Tomiris» жобасы: 2024 жылға өтінімдерді қабылдау басталды


«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси шешімдер қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге бағытталған «Tomiris» атты әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша партиялық жобаға қатысуға үміткерлердің құжаттардың қабылдана басталғаны туралы хабарлайды.
Алматы қаласында үш күндік оқу бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 40 қатысушы іріктеледі. Оқу көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстан саясаты және трансформациялануы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, жобалық менеджмент әдістері, ойлау дизайны бойынша модульдерді қамтиды.
Қызығушылық танытқандар:
1. мына сілтеме бойынша онлайн-нысанды толтыруға тиіс: https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdoUt.../viewform
2. хаттың тақырыбында «Tomiris» / Аты-жөні / аймақ» деп жазып, электрондық поштамен (info@apm.amanatpartiasy.kz) мына құжаттарды жолдау қажет:
a) жеке куәлік көшірмесі;
b) Youtube платформасында орналастырылған бейне-презентация, тақырыбында қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс, ұзақтығы 60 секундтан артық емес (60 секундтан асып кеткен бейнероликтер іріктеуге қатыспайды);
c) түйіндеме/CV;
d) жұмыс орны басшысының және мәслихат хатшысының, аймақтық партия филиалы басшысының қолы қойылған, еркін нысанда екі ұсыным хат.
Бұл жобаға басшы лауазымдарында, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан, жоғары кәсіби, іскерлік қасиеттері мен көшбасшылық әлеуеті бар әйелдер қатыса алады.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы 1-10 шілде аралығында Астана уақытымен сағат 18.30-ға дейін.

		</div>	

		<div class=
05 шілде 2024 ж. 183 0