№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тау беткейдегі ауылдардың тынысы кең

Тау беткейдегі ауылдардың тынысы кең

Барлық деңгейдегі әкімдерге елмен жиі жүздесіп, халахуалымен танысып, тыныстіршілігіне тірек болуды міндеттеген Мемлекет басшысының тапсырмасы қай кезде де маңызын жойған емес. Ауданымызға жаңадан әкім болып келген Мажит Самитұлының осындай талаптілектен туындаған жолсапары сәрсенбінің сәтінде тау беткейдегі ауылдарда жалғасын тапты.
Манап ауылына маңдай тіреген аудан әкімі бастаған арнайы топ клуб маңында алқа-қотан жиналған ауыл тұрғындарымен жаймашуақ кездесу өткізді.
Алдымен елге өзін таныстырып, одан әрі ауданның әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштерін баяндаған Мажит Самитұлының сонымен қатар алдағы уақытта ауыл тұрғындарына аса қажет құндылықтардың жайжапсарына нақты көз жеткізіп, терең зерделеуді мұрат тұтқан ой-ниеті көреген көңілге аңғарылмай қалмады.
Ол бүгінде барлық көрсеткішгтер бойынша өңіріміз республикалық рейтингте көш бастаса, ауданымыз облыста алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі екендігіне тоқталды.
– Мемлекет басшысының қолдауымен облыс әкімінің атқарып жатқан жұмысының нәтижесінде ауданымызда қазіргі таңда 25 млрд теңгеден асатын жобалар жүзеге асып келеді, – деді ол. Қысқаша тоқталсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Жаңақорған кентінде 600 орындық және Жаңарық ауылында 300 орындық мектеп, одан бөлек облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Байкенже ауылында 150 орындық мектеп салынып жатыр. Төменарық ауылында аурухана, Бесарық, Әбдіғаппар ауылдарында дәрігерлік амбулатория іске қосылады. Кент орталығында Руханият орталығы, 200 орындық Оқушылар үйі халықтың игілігіне берілетін болады. Облыс әкімінің тарпсырмасына сай бірінші кезекте халықтың тұрмыстіршілігіне ең қажетті деген сұранысты қамтамасыз ету міндетіміз. Оның қатарында ауыз су мәселесін шешу, табиғи газбен қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру жұмысын алдыңғы лекте тиянақтауға тиіспіз, – деді ол. Әрине, бұл ретте ауданда электр желілерінің тозығы жеткені туралы толғақты мәселе алдымыздан шығары рас. Әкім нақ бұл кемшіліктің кеңес кезеңінен мұраға қалған, тіпті алыс-жақын шет елдердің өзінде өзекті проблемаға айналып отырғанын, бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қуатты инфрақұрылымдық мегажоба аясында аяққа тұратынын айта келіп, шешілу тетіктерін баяндады. Ауданда 2022-23 жылдары құны 5,5 млрд теңгеге есептелген 19 елді мекеннің электр желілерін жаңғырту жобасының сметалық құжаттары демеушілердің күшімен әзірленіп, былт
ыр 3 елдімекенге электр желілерін жаңғырту жұмысы аяқталғанын айтты. Қалған елді мекендер биылғы және ендігі жылдың еншісінде тұр. Соның ішінде Манап елді мекені де бар. Сондай-ақ, Қазақстан теміржолына тиесілі электр желілер КРЭК мекемесіне беру жөнінде тиісті орындарға хат жолданып отырғанын, оның да біржақты шешілетінін айтты. Ауданымыздағы бірнеше елді мекендерге газ барды.
Манап ауылына газ қашан келеді дегенге келсек, Бесарықтың тұсынан автоматтандырылған газ тарату стансасын салу жөнінде республикалық, облыстық деңгейде мәселе көтеріліп келеді. Осы айтылған АГРС салынған жағдайда осы маңдағы 11 елді мекен газбен қамтылатын болады. Жобаның ауқымы да, оған кететін қаражат көлемі де өте үлкен. Тіпті сметалық құжаттары 63млн теңгеге бағаланған жұмыс бағдарының баян табуы елдік жағдайдың еңсесіне де тәуелді. Биылғыдай қарғын су қапы қалдырған ел экономикасы сірескен тоңнан сілкініп шыға алған жағдайда ырғақты дамуымызда іркіліс болмайды.
Осы мәселелер туралы хабардар еткен аудан басшысы ендігі кезекте елдің өзіне сөз беріп, мұң-мұғдарына құлақ салды. Манап ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбек Мейірбеков алдымен ауданға әкім болып сайланған азаматтың қызметіне сәттілік тіледі. Содан кейін ел ағасы тарқатқан ауылдағы өзекті мәселе төмендегідей өрілді:
Ауылда спорт кешені жоқ. Қалманов Ұланбек деген жігерлі жігіттің жетекшілігімен былтыр бокс секциясы ашылған екен. Сөйтіп бұл спорт түріне аса қатты ынталы жеткіншектерді әркімнің қорасында, тіпті айтақырда жаттықтырудан жалықпаған өлермен талаптың нәтижесінде манаптық ұландар намысты қолдан бермей, Созақта, Шымкентте, ең соңында Алматыда өткен республикалық турнирде алға озып, бес алтын, жеті қоланы еншілеп қайтыпты.
Осы сәт қарияның сөзіне жан бітірген қарадомалақтар мойындағы темір медальдарын сыңғырлата кеп алдымызға қатар түзеп тұра қалғанда жағалай таңқиған тұмсықтың тегін еместігін қайсымыз болсақ та мойындамасқа әддіміз қалмады. «Келешек бірбір Ермахан Ыбырайымов, Геннадий Головкин ғой, мыналар» деп әкімнің өзі де риза болып, мейірлене бастарынан сипады балақандардың. Бәріміздің кеудемізде тілектестік пейіл бүр жарды. Бұл ауылға спорт комплексі керек, күші тасып тұрғанмен рингті көрмеген ауыл баласы қарадай көкірегі басылып қапыда қалмауы тиіс. Әрине, бәрі бірден болады деп уәде беру шарт емес, бірақ осы бағытта барынша жұмыс жүргізетініне көпшілікті сендірді әкім.
Манап ауылынан көп қашық емес №28 Талап бекетінің тұрғындары атынан халықтың тілегін жеткізген Оразбай есімді азамат бұл елді мекенге де спорт кешені керек, бұл жақтағы өрендер де осындай жүлдені өңгеріп келіп жатыр деген байыпты базынасын іркіп қалмады. Тіршілігі ырғақты темір жол бойында орналасқан өңірге қандай мемлекеттік жобаны сенімді жоспарлауға негіз бар деген пікірін де мығым жеткізді. Халықпен кездесу Бесарық ауылында жалғасын тапты. Соңғы кезде бұл ауылда қолға алынған инфрақұрылымдық жобалар ауқымды. Ауылда 4 көшенің жөндеуіне қаржы бөлінгенін жеткізген әкім осыған дейін аудан басшылығы қолға алған мәселе – ауылды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл жерде 5 қосымша ұңғыма салу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда 3 ұңғыманы бұрғылау басталып кетіпті. Аудан басшысы одан әрі ауылды газбен қамту бойынша атқарылатын жұмыс жобасымен таныстырды.
Келесі кезекте ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдрайымов сөз алып, ауылда аяқсу мәселесінің өзектілігін алға тартты. Келесі бет алған Жаманбай батыр ауылдық округіне 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгенін білдік. Оның ішінде дәрігерлік амбулатория құрылысына,, №54 мектеп жанынан 375 орындық қосымша оқу корпусына, Бесарық елді мекенінде тас жол салуға, Кеңес елдімекеніндегі бір көшені орташа жөндеу, бір көшеге тротуар салуға жұмыстар атқарылып жатыр. Оның үстіне Бесарықта автоматтандырылған газ тарату стансасы салынса бұл ауылға да газ келеді. Сайып келгенде, тұрғылықты жерде жақсы жағдайдың қалыптасуы ауыл азаматтарының ауызбіршілігіне байланысты екеніне осы сапар тағы да бір көз жеткізгенімізді айтуға тиіспіз. Ауылда үш мыңдай халық бар, оған қоса қапталындағы Кеңес ауылы мен Бесарық, Талап елді мекені тұрғындарын қосқанда қаншама жан сырқаттана қалса дәрі-дәрмегін арқалап осындағы аурухана мамандарына күні түседі екен. Ол да кешкі алтыдан кейін істемейді. Тұрғындардың тілегі, ауылдағы бұрынғы аурухана үйі қайта ашылса осы маңдағы халыққа өте тиімді болар еді. Науқастардың және жүкті аналардың күннің аптабында немесе аязды күндері аудан орталығына қатынауы қиын және ауруханаға орналасуы да оңай емес.
Осы маңайдағы халық саны ескеріліп кеңестік кезеңде жұмыс істеп келген аурухана жүйесі қайта жанданса екен деген тілегін жеткізді. Аудан әкімі бастаған арнайы топ одан әрі Қосүйеңкі ауылын бетке алды. Ауылда жарық мәселесі күрделі екені рас. Ауыл тұрғындарын осы реттегі жобалармен таныстырған аудан әкімі 19 елді мекеннің 3-уінде жұмыс аяқталды, 9-ы биыл жасалады, қалған жеті ауыл келесі жылға жоспарланып отыр, соның ішінде Қосүйеңкі ауылының бар екенін айтты. Қосүйеңкі ауылын газдандыру мәселесі де Бесарықта іске қосылатын автоматтандырылыған газ стансасы құрылысына тікелей байланысты болып тұр. Сонымен қатар ауыл тұрғындары бұған дейін интернет жылдамдығының төмендігіне шағымданып келген еді, аудан басшысы бұл бойынша акционерлік қоғамға хат жолданып, қосымша құралжабдықтар әкеліп орнатамыз деген уәдесін алып отырғанын айтты.
Мәселе тамыз айында шешімін таппақ. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Әбутәліп Бакиров: – Ауылға клуб үйі өте қажет. Қазіргі тұрған ғимаратымыз алпысыншы жылдары салынған, өте ескі. Бүгінгі талаптарға сай келмейді. Ауылдағы басқа да ұсақ-түйек мұқтаждықтарымызды өзіміз сайлап алған ауыл әкімімізбен кеңесе отырып, өзіміз шешіп алуға тырысамыз. Бұл ауыл Дүкенбайдың, Тынымбайдың ауылы. Дүкенбай Досжанов ауылдағы жаңа мектептің салынуына көп мұрындық болды. Қасиетті топырақтан 6 ғылым докторы шыққан. Әлі де көптеген талапты түлектердің тұсауын кесіп, қанаттандырып келеміз, – деді ол.
Бұл кісі өзі кеңестік кезеңде мал дәрігерлік оқуды бітіріп келіп, сексенінші жылдан бері еңбек етіп келеді екен. Шаруашылықты басқарған жылдары “Социалистік жарыстың жеңімпазы” ауыспалы туын қолдан бермегенін де айтты. Оның өткен өмірге оймен сапар шегуінде мән бар. Сол кезеңдері он жылдан аса Жаңақорған ауданын басқарған Сәмит Далдабаевтың өздеріндей жастарға қолдау білдіргенін шынайы мысалмен жеткізді. Елге нағыз жанашыр азаматтың шаруашылықты аралап, әрбір іске жіті көз жеткізуі маман кадрларды дұрыс таңдай білуіне жол ашқанын, ол айналып келгенде қоғамда әділеттің салтанат құруына жаңылмас бағыт болғанына тоқталды. Өзен де өз арнасымен ағады. Жаңа әкімнің қадамына құт тілеп, үміт артқан барлық ауылдағы ел ағаларының ойпікірі осындай мәнде ортақ арна тапты.

Баян Үсейінова

03 шілде 2024 ж. 155 0