№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды


Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтің Сыр беткейдегі ауылдарға жұма күні жолы түсіп, Жаңарық, Қыркеңсе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықтың ұсыныс – пікірлерін тыңдап, алдыңғы кездесуде айтылған мәселелерді қорытындылады. Аудан басшысы осыдан үш ай бұрын көтерілген мәселелерге тоқталды. Алдағы уақытта елді мекендерді дамытуға арналған жоспармен бөлісіп, көпшілік көкейіне жағымды жаңалықтарын да бүгіп қалмады.

  Жаңарық ауылдық округі халқымен өткен кездесуде қамтылған мәселелерге тоқталып, ауылға қажет жаңа мектепке бюджеттен қаржы бөлінгенін жеткізді. Яғни, 2023 жылға республикалық бюджеттен жаңа 300 орындық мектептің құрылысы басталады. Сондай ақ, елді мекенді дамытуға арналған жоспарда Жаңарық елді мекеніне газ жүйесін жүргізу жұмыстары жоспарланғанын да айта өтті. Дегенмен ауыл тұрғындары кәсібінің дені егін және мал шаруашылығы болғандықтан аяқ су, жайылым мәселелері өзекті.

Қыркеңсе ауылы тұрғындарына аудан әкімі 2023 жылы елді мекеннің мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінгені жөнінде жағымды жаңалығымен бөлісті. Ауыл тұрғыны Марат Мантаев елді мекендегі медициналық емдеу мекемесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл жөнінде ауыл әкімі Тәттімбет Әбдреймов алдағы жылдары елді мекенге жаңа медициналық нысанның құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді.

Әкімнің елмен кездесуінде аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық прокуратурасының прокуроры Берік Смайлұлы ,аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Асанұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және тиісті бөлім басшылары болды.

Үш сағатқа созылған жиында айтылмаған мәселе қалмады. Тұрғындар, шешімін жылдар бойы таппай келе жатқан сауалдарды жаңбырша жаудырды. Аудан әкімі көтерілген мәселенің барлығы да бүге-шігесіне дейін талқыланып, шешімін табатындығын алға тартты. Алдағы уақытта барлық сала бойынша жұмыс атқаруға мамандардың білек сыбана кірісетінін де жеткізді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» , – деген сөзді тілге тиек етіп, тәрбиелік мәні бар, елге демеу болатын қайратты сөздерімен халықты қажырландырды. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлына ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, жұмысына табыс тіледі.

Ботагөз Маратқызы




02 ақпан 2023 ж. 550 0