№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС жүйесімен әрбіртұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен әрбіртұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен өңірдіңәрбір тұрғынқамтылуы тиіс. Пациенттергетолық және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болуы қажет.
Осы және өзге деміндеттерӘлеуметтік медициналық сақтандыруқорыныңҚызылорда облысы бойынша филиалыныңбасшылығы менемхана ұжымдары арасындағыкездесулер барысында алға қойылды.
Қызылорда облысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 25 ұйым(бұдан әрі – БМСК) жұмыс жасайды, оның 14 – і –мемлекеттік, 11-і-жекеменшік. Жеке емханаларсанының өсуі байқалады. Осылайша,БМСК ұйымдары арасында салауаттыбәсекелестік артып келеді, деп атап өтті Қордыңоблыстық филиалының директорыБақыт Исмаханбетов.
Сонымен қатар, медициналықұйымдардың жұмысына шағымдарсаны азаймай отыр.Көбіне сапасыз медициналықкөмекке, медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты.
«Біздің ортақ міндетіміз –халықпен ұйымдасқан, тығыз жұмыс жүргізу, қажетті медициналық қызметтерді алуға көмектесу, МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру. Азаматтарды қабылдау уақыты әдеттегідей тұрақтыөтуі үшін барынша мейірімді және жайлы жағдай жасау қажет», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Медициналық ұйымдардың ұжымдарымен әңгімелесу барысында материалдық-техникалық, кадрлық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету жөнінде және т.б. сұрақтар көтерілді. Барлық сауалдарға толық жауаптар берілді.
Соңында Қор мен медициналық қызмет көрсетушілер кері байланысты жақсарту туралы келісімдерге қол қойды.
26 маусым 2024 ж. 193 0