№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы санитариялық талаптар

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы санитариялық талаптар

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.  Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.  
Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.  Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс-мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.  Сонымен қатар, жазғы демалыс – балалардың жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайтып, оларды сауықтыру кезеңі болып табылады. Қазіргі таңда денсаулық тек қана адамның бойында ешбір сырқаттардың жоқтығы ретінде емес, ол – адамның толық физикалық, рухани, әлеуметтік жағдайы ретінде қарастырылады. Лагерь – кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Сол себепті жазғы демалыс бала үшін денсаулығын нығайтуға қолайлы кез ретінде қарастырылып, оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.  Қала сыртындағы орындарының негізгі міндеттері- балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың  тиімді демалысын және  бос  уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.Объектілер аумағында тiкенектi бұталарды, гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн жасыл желектердi (ағаштарды, бұталарды) отырғызбайды. Сауықтыру объектісінің ашылуы алдында және ары қарай көрсеткіштер бойынша аумақты дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық өңдеу жүргізуді ұйымдастырады. Объектілердің аумағы тазалықта ұсталады.  Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбiр ауысым аяқталған соң техникалық персонал күрделi жинау жүргiзедi.   Күн режимі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады.  Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары жоспары дәрігермен келісіледі және мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) таңертеңгілік гимнастика;
2) шынықтыру емшаралары;
3) қозғалыс ойындары және дене дайындығының әр түрімен айналысу;
4) спорт, емдікденешынықтыру, жүзугеүйрету;
5) серуендер, экскурсиялар, жорықтар;
6) спорттықжарыстаржәнемерекелер.
Маңыздымәселелердіңбіріолтамақтанужағдайларынақойылатынталаптар.Тамақтанутолыққанды, сапалы, бала ағзасынаарналғанболуыкерек.Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.  Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз яғни, жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.  Тамақтану арасындағы интервал 3,5-4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру жүргізілу қажет.Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосу.   Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құстың еті екі- жеті күнде бір рет қосылу қажет.  Гиповитаминоздың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, кисель) "С" витаминімен жасанды витаминдеу жүргізілу қажет. Тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында балаларды жазғы сауықтыру лагеріне жіберген кезде сіз баламен жеке гигиенаны сақтаудың қарапайым ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізуіңіз керек, атап айтқанда: тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу, көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында ағынды сумен жақсылап шаю, сауықтыру лагерьлерінің аумағында өсетін жемістерді пайдалануға тыйым салу.Бассейнде шомылғаннан кейін сабынмен себезгі ванналарын міндетті түрде қабылдау, басқа адамдардың жеке гигиена заттарын (тарақтар, тіс щеткалары және т.б.) және киімдерін пайдаланбау, туристік жорыққа шыққан кезде дененің барлық ашық бөліктерін жабу (бридждерді шұлыққа салу, ұзын және түймеленетін блузкалар кию). Ішек инфекциясының белгілері пайда болған кезде (әлсіздік, жүрек айну, құсу), дене температурасының жоғарылауы және т.б. дереу медициналық  көмекке жүгіну керек.Біз балаларымызды қарапайым өмірлік дағдыларды, соның ішінде жеке гигиена туралы біліммен қаруландырып, балаларымызға қауіпсіз және пайдалы демалысты қамтамасыз етуіміз қажет! Балалардың дені әрқашан сау болсын!!!
Жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті   күш–қуат.«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» деп ән салдырған көңілді жаз мезгілінде бала  демалысы осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек.

Г.Мамбетова,
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы
21 мамыр 2024 ж. 214 0