Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда өткізетін келіссөздері туралы айтты

Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда өткізетін келіссөздері туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл маңызды оқиғаның Алматыда өтуінің символдық мәні бар. 

Президент өз сөзінде Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздің Алматыда өтуін құптайтынын жеткізді. 

“Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын. Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді”, – деді Тоқаев. 


Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашады. Жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді дейді. 
01 мамыр 2024 ж. 443 0