Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстандық спортшылар әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде иеленді

Қазақстандық спортшылар әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде иеленді



Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко аралас эстафетада бірінші орын иеленді. Олар 1327 ұпай жинаған.
Екінші орынды Египет, үшінші орынды Италия құрамасы алды. Қазіргі бессайыс, пентатлон – бір кешенде бес әр түрлі спорт түрінің бірегей үйлесуі. Оның ішіне семсерлесу, жүзу, конкур, жүгіру және ату сияқты спорт түрлері кіреді. Қазақстан қоржынында қазіргі бессайыстан Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар.
Өткен жылы Қытайдың Ханжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Георгий Борода-Дудочкин мен Елена Потапенко лицензия жеңіп алған еді.
22 сәуір 2024 ж. 245 0