Музей-көненің көзі,тарихтың өзі
Мұражай – ұлтымыздың өткені мен бүгінгісін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына.Ұлттық рухымыздың бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар ол музейлер екені анық. Өйткені, өткеніне көз жүгіртіп, арғы-бергі тарихын тануға талпынған жанға таптырмайтын, халықтың көрсе көзі тоятын жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден бастау алады. Еліміздің ертеңі тарихпен тығыз байланыста, сондықтан да мұражай тарихымыздан сыр шертетін бірден-бір асыл мұрасы.
Осындай асыл мұралардың бірі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы құнды жәдігерлерге бай мұражай көпшіліктің дүниетанымын байытып, болашақ ұрпақтың тарихты таным білуіне таптырмас мол мұра. Осыдан 32 жыл бұрын іргетасы қаланған мұражайда небір тарлан тарихтың көзі жатыр. Жаңақорған тарихи-өлкелік мұражайы Қазақстанның Мәдениет министрлігінің шешімімен режиссер-драматург Әмір Мәжитовтың басшылығымен 1992 жылғы 2 мамырда құрылды. Мұражайдың көне заттары Қаратау маңынан табылған заттардан басталады – бұл адамдар мен жануарлар, құстар мен түрлі белгілер нақышталған таңбалы тастар және осы өлкедегі байырғы адамдардың өміріне байланысты заттар.
Тарихтан хабары бар қазақ баласы үшін “Таңбалы тас” атауының қасиеті ерекше. Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл таңбалы тастар өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Сондай жәдігерлеріміздің бірі – кезінде академик Қаныш Сәтбаев атамыз: “Қазақ халқының ең алғашқы мемлекетінің іргетасын қалап жатқандағы жазып қалдырған Дала Конституциясы”, – деп баға беріп кеткен.Жаңақорған ауданының мұражайынан орын алған таңбалы тас Қаратаудан табылған.Ортағасырлық «Таңбалытас» археологиялық ескерткіштерін бұдан әрі қорғау, сақтау, насихаттау және мониторниг жүргізу, зерттеу жұмыстарын жалғастыру «Таңбалы» қорық-мұражайының негізгі мақсаттарының бірі.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№163 орта мектеп
Әбдинаби Балауса
№163 орта мектеп
Әбдинаби Балауса