Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қырғызстанда қызылшамен ауырғандар саны артып жатыр

Қырғызстанда қызылшамен ауырғандар саны артып жатыр


Қырғызстанда қызылшамен ауырғандар саны әлі артып жатыр. Екі аптадағы өсім 1319 жағдайды құрады.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, 2024 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша елде қызылшамен ауырған 7864 адам тіркелген.
Жұқтырғандардың жалпы санын аумақ бойынша бөлсек, Бішкекте – 2599, Ош қаласында – 464, Ош облысында – 1226, Баткенде – 214, Шу облысында – 1836, Жалал-Абад облысында – 1196, Ыстықкөл облысында – 130, Талас облысында – 105 және Нарын облысында – 94.
Бішкек, Шу және Жалал-Абад облыстарында вирус әлі де қарқынды тарап жатыр.
Ауру көбеюінің негізгі себебі - балалар мен ересектер арасында қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаудан бас тартудың көптігі.
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қызылшамен күресу үшін профилактикалық және эпидемиологиялық шараларды күшейтті. Дәрігерлер ата-аналарды балаларына екпе салып, сол арқылы баласын және айналасындағыларды қауіпті инфекциялардан қорғауға шақырады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қызылша індетіне байланысты Қырғызстанда қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау науқанының екінші кезеңі басталды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз
14 сәуір 2024 ж. 289 0