Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны қалай өтеледі?

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны қалай өтеледі?



Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру үкіметтің резервінен қарастырылады.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге қажетті қаржыландыру көздерін талқылады
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Штаб жұмысы аясында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), яғни әкімдік резервінде көзделгенін баяндады.
Залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО, өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрліктері айқындайды. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру үкіметтің резервінен қарастырылады.
Іс-әрекет алгоритмі: материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастырады. 
01 сәуір 2024 ж. 308 0