Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Қазақконцерт» әртістері Парижде өнер көрсетті

«Қазақконцерт» әртістері Парижде өнер көрсетті

Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Париждегі (Франция) ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің шақыруымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйым әртістері Парижде өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еліміздің мәдениетін «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі, жетігенші Әйгерім Елемес таныстырды. 19 наурызда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Ауғанстан, Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістан сияқты 12 ел өкілдерінің қатысуымен Наурыз мейрамы өтті. Мерекелік іс-шарада Әйгерім Елемес пен Перизат Тұрарова М.Ержановтың «Сайра, бұлбұл», Н.Тілендиевтің «Аққу» және Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармаларын орындады.
25 наурыз 2024 ж. 340 0