Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада 80 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 80 отбасы баспаналы болды

Қызылордада Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден 80 отбасыға пәтер кілтін табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты алдағы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Рәсімде Арайлым Тілеубай қоныстой иелері атынан қуанышын жеткізіп, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов ақ батасын берді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары мен құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды. Айта кетейік, бүгін сол жағалауда үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Нысан «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірге салынады.
Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Жаңа «Қан орталығы» Медицина қызметкерлері күні қарсаңында пайдалануға берілмек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 11 млрд. теңгеге 27 нысан салу көзделген. Өткен жылы елді мекендерде 15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталып, қазір 30 мыңнан астам халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде.
Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін орталық стадион (20,9 млрд теңге) және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (6,8 млрд теңге) ел игілігіне табысталады. Жақын күндері заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріледі.
Инвесторлар қолдауымен 37 млрд. 600 млн. теңгенің жобалары іске асуда. Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Жоба құны – 20 млрд теңге, жаңа терминал осы жылы пайдалануға беріледі. «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды. «Саутс Ойл» компаниясы 650 орындық музыкалық колледж ғимаратының құрылысын бастады.
Биыл 7 ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін, құны 11,5 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда.
20 наурыз 2024 ж. 243 0