Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйел – отбасы құндылығының шырақшысы

Әйел – отбасы құндылығының шырақшысы


Сыр топырағы – мәдениеттің, өркениеттің, руханияттың бастауы. Биылғы жылдың Сыр өңірінде «Руханият жылы» болып жариялануы осы бір құндылығымызды тереңдете түсетін мазмұнды шараларға кең өріс ашуымен де құнды.. «Анаға тағзым» республикалық форумынан біз осындай ой түйіп оралдық.

Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева және белгілі қоғам қайраткерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі өзіндік орны бар әйел азаматтар қатысты.
Форум жұмысын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйлеп ашты. Қоғамдағы көкейкес­ті мәселелерді шешуде әйел-аналардың рөлі елеулі. Бұл бағытта құрылғанына 25 жыл толып отырған Ұлттық комиссияның бағдары айқын, әр өңірде мүшелері бар, міне осы ұйымдардың іс-қимылын біріктіру, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру өзекті. Бұл туралы баяндаған комиссия төрағасы Айда Ғалымқызы «2030 жылдарға дейін Отбасы институты және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазақстан гендерлік алшақтық индексі бойынша тәуелсіздікке дейін әлемде 100-ші орыннан жоғарыда тұрса, бұл күндері 62 орынға ығысқанын жетістік ретінде айтып өтті. Нәзік жандарды қоғамға тарту, түрлі кәсіпке бейімдеуде ашылып жатқан орталықтар мен жұмыс орындары туралы деректер келтірді. Сондай-ақ, үлгілі отбасыларды насихаттау­ға арналған «Мерейлі отбасы» жобасына еліміз бойынша 20 мың отбасының қатысып, марапатталуы көңіл марқайтады. Міне, осындай жетістіктерді жариялап отыруда БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердің үлесі оларда пайда­лы контенттің көптігімен ерекшеленетінін де ескертті. «Әйел – отбасы құндылығының шырақшысы» тақырыбында ой тербеген Қазақ­станға еңбегі сіңген қайраткер Асылы Османның «Ұлт тірегі – ұрпақ, ұл-қызыңа ілім үйрет, сонда ғана өмір оған күлімдейді» деген аталы сөзі ұлағатты ананың өмірлік тәжірибесінен түй­ген тағылымын танытып тұрғандай. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтмағанбет Мақсұтбектің пікірінше, амбициясы бар ұл ғана мемлекетке пайдасын тигізеді. Ер балаларды осындай деңгейде қалыптастыру үшін біз нені ескеруіміз керек? Ол осы мәселелер жөнінде ой тербеді. Одан әрі «Аманат» партисының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова, танымал тележүргізуші Досжан Қымбат, Атырау облыстық аналар кеңесінің төрайымы Злиха Дүйсекенова сөз алып, пікірлерімен бөлісті.
Форумның екінші бөлігінде делегация құрамы жаңадан ашылған «Өнер орталығына» бет алды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшы­лық­ты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Азаматтарымыздың рухы биік болуы үшін мәдениетке, руханиятқа мән беруіміз керек Сыр өңірі – халықтың алтын мұралары сақталған мекен, қазақ театрының алғашқы қазығы қадалған жер. Өнер ордасына қажеттілік заман үдерісіне сай туындады. Өнер орталығы еліміздің рухани қазынасын байытуға үлес қосады, – деді.
Облыс орталығында бой көтерген әсем құрылыс қала келбетін де ажарландырып, анадайдан көз тартады. Көрермендер алды­мен фойеде жасақталған өнер тарландары­ның экспозициялық картиналарын және «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» атты көрмені тамашалады. Одан әрі «Ғаламдағы басымды иген кием бұл» тақырыбындағы музыкалық-хореографиялық композицияның шымылды­ғы ашылды. 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыр – ана – өнер бесігі» атты облыстық мәдениет өнерпаздарының мерекелік концерті атаулы күн қонақтарына ән мен жырдан шашу шашқан тамаша тарту болды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
05 наурыз 2024 ж. 187 0