№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Несиенің пайыздық мөлшері артты

Несиенің пайыздық мөлшері артты

Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 2024 жылы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда халыққа берген теңгедегі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8%-ға өсіп, 20,7% болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%, ең қымбаты – бір айға дейінгі мерзімге 33,2%.
Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%-ға, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер болды – бес жылдан астам мерзімге – 19,6%, ең арзаны – бір айдан үш айға дейінгі мерзімге – 18,2%.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылғаны туралы жазған едік. 
04 наурыз 2024 ж. 334 0