Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ырысбала Икрамбай : Айына 6 миллион теңге салық төлеймін

Ырысбала Икрамбай : Айына 6 миллион теңге салық төлеймін

Танымал блогер, қайырымдылық іс-шараларының ұйымдастырушысы Ырысбала Икрамбай салық комитетін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер ерікті жандармен бірігіп, халықтан ақша жинап мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүр.
“Заңды жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Дәл қазір ауа жұтқанымыз бен табиғи әжетімізге ғана салық төлемейміз. Қалғандарының бәріне салық төлеп келеміз. Төлеуден жалтарып отырған жоқпын, заңды тұлға болғаннан кейін төлейсің. Енді адам сияқты жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздерші. Әбден халықты басынды”, – деп ашуланды блогер.Сонымен қатар, блогер оқырман қауымға отбасылық қандай кәсіптері барын да жариялады. Ай сайын төлейтін салығын да көрсетті.
“Өткен айда 5 миллион теңге салық төледік. Одан кейін 6 миллион теңге төледік. Төлеген ақшаларымды міндетсінбеймін. Осы елдің азаматы ретінде жауапкершілікті сезінеміз. Бірақ соған сай жұмыс істесін. Күйеуімнің атына ЖШС-ні тіркедім. Өзім кеше ғана жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Тұзы жеңіл қатын болдым”, – деді блогер. 
29 ақпан 2024 ж. 219 0