Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыз бала тәрбиесі – ұлт болмысының тірегі

Қыз бала тәрбиесі – ұлт болмысының тірегі



Қаһарымен талайларды ықтырған Б. Момышұлынан біреу «Кім батыр?» деп сұрағанда «Қыз – батыр» деп жауап беріпті. «Өйткені ер азамат бөтен елге барса, асып кетсе бір аптадан кейін үйіне қайтқысы келеді. Ал, қыз бала мүлде өзге жұртқа барып, сол елдің түтінін түтетіп, ұрпағын жалғайды» деген екен.
Расымен, ел мен елді табыстыратын қыздың қашанда қоғам алдындағы міндеті үлкен.
Бүгін «Анаға тағзым» орталығында өткен тағылымды кездесуде қыз бала тәрбиесі кеңінен талқыланды. Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Д. Нұрғалиева, психолог, дін саласы бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А. Аяғанова, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы, өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Л. Сыдықова студент қыздарға болашақ ана алдындағы міндеттерді түсіндірді.
Әдептіліктен алыстамайтын қазақ аруы үшін ақыл мен сабыр негізгі қару болу керектігі айтылды.
Сондай-ақ, заманауи қазақ бойжеткенінің сыртқы образы мен ішкі болмысының үйлесімді болуына қатысты пікірлер ортаға салынды.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар естелік суретке түсті.
27 ақпан 2024 ж. 200 0