№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жүректерге жол тартқан «Кино-TIME»

Жүректерге жол тартқан «Кино-TIME»

Кент орталығындағы Ордакент ардагерлер және"Жастар" ресурстық орталығында "Кино - TIME" жобасы бастау алып, жас өрендер тәрбиесіне тәлім боларлықтай тың туындылар көрсетіліп келеді. Бүгін осы жобаның желісімен кент орталығындағы №56 мектеп, №3 мектеп интернат оқушыларына кинорежиссер Серік Таластың "Анамның иісі" кинофильмі көрсетілді. Жүзден аса оқушы көрермен болып, көңілдері бір сергіп қалды.
Тіпті, фильм желісі бойынша баланың анаға махаббатын және ананың балаға махаббатымен өрілгендіктен көпшілігі жанарларына жас алып, көңіл сандықтары сырға толы сезімге боялғандай күй кешті. Көрсетілім соңында оқушылар тәлім-тәрбиелік бағытта тағылымы мол кинодан алған әсерілерімен бөлісіп, ана мен перзент арасындағы жіпсіз көпірге ешбір дақ түсірмей, аналарына деген құрметтің артқанын да тілге тиек етті.
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтің қолдауымен бастау алған игі іс әр аптаның бейсенбі күні кент орталығындағы мектеп оқушыларына «Ордакент» Жастар ресурстық орталығында тәрбиелік мәні бар қысқаметражды кинофильмдер көрсетілетін болады. Егер қаласаңыз сізде келіп көруіңізге болады, құрметті оқырман.
25 ақпан 2024 ж. 133 0