Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайылымдық жер: жосықсыз иемдену жойылады

Жайылымдық жер: жосықсыз иемдену жойылады


Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі жайылымдық жердің жоқтығы. Әсіресе, ауылда тұратын ағайын осы мәселені жиі көтереді. Өйткені, бай-бағландар жердің жартысын иемденіп алған. Оны да уақыт өзі көрсетуде, енді заңға өзгертулер енгізіліп, жайылымдық жерлер қайта қайтарылады. Бұл туралы сенат депутаты Руслан Рүстемұлы әлеуметтік желідегі парақшасында тізбектеп көрсетті. 

Сенатта «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды. Заңды әзірлеу туралы бастаманы Парламент депутаттары өздері көтерген болатын. Өйткені ауыл тұрғындары бұл мәселені көп жылдардан бері айтып жүр. Оның кейбір жаңалықтары төмендегідей:
- Жер кодексіне облыстың жергілікті атқарушы органдарының жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес, жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін түзетулер енгізіледі. Аталған іс-шараларды іске асыру төмен тұрған деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға бекітілетін болады. Бұл жайылымдардың одан әрі тозуын және шөлейттенуін болдырмауға мүмкіндік береді және тозған жерлерді қалпына келтіруге, оларды ұтымды пайдалануға, жер ресурстарының өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
- Шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін жер учаскелерін беру және халықты 5 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен мал жаю жөніндегі нормалар алып тасталады. Бұл норма жеке тұлғаларға және ұйымдасқан шаруашылықтарға жайылымдарды конкурстан тыс беруге мүмкіндік берді, осылайша ауыл тұрғындарын оларды қоғамдық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндігінен айырды.
- Жайылымдардың жалпы алаңындағы мал саны бойынша ең төменгі нормативтің қолданыстағы жайылымдарға жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасынан 20% - дан 50% - ға дейін ұлғаюы. Жайылымға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың шекті жол берілетін норманың 50% - дан аз мөлшерінде болуы жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау өлшемі болып табылады. Бұл норма малдың нақты болуы бойынша кейіннен қолданыстағы заңнама шеңберінде шаруа немесе фермер қожалықтарына, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін пайдаланылмайтын жайылымдарды мемлекет пайдасына мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл жайылым тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
- Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің конкурстарға қатысуы кезінде ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдарды алу үшін олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беруді көздейтін түзету енгізіледі.
- Халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады.
- ҚР Орман кодексіне орман және табиғат қорғау мекемелерін жыл сайын жергілікті атқарушы органға шөп шабу және мал жаю мүмкін мемлекеттік орман қоры учаскелері туралы мәліметтер ұсынуға міндеттейтін түзету енгізіледі. Аталған түзету орман қоры жерлерінде орналасқан жайылымдарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
- Ауыл тұрғындарының мал жаюға арналған Елді мекеннің айналасындағы жерлердің мәртебесін күшейтуге бағытталған "қоғамдық жайылымдар" ұғымы енгізіледі.
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жайылым пайдаланушыларды және жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктер, консорциумдар) мемлекеттік қолдауды реттеу жөніндегі жаңа бап көзделеді.
- Жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіруге және жақсартуға бағытталған жаңа норма енгізілуде. Мәселен, жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту жайылымдарды геоботаникалық зерттеу және мониторингілеу нәтижелері негізінде, сондай-ақ жерге түгендеу жүргізу кезінде жүзеге асырылатын болады. Жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ жайылымды пайдаланушылар қамтамасыз ететін болады.

Міне, шаруалардың күткені де осы болатын. Бастама бар, қалғанын уақыт көрсетеді. 
19 ақпан 2024 ж. 193 0