№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел экономикасынан не күтеміз?

Ел экономикасынан не күтеміз?


Сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы талқыланды. Бұл туралы баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байназаров биылғы қаңтар айындағы есеп бойынша елімізде жалпы экономиканың өсу қарқыны 3,9 процентті құрап отырғанын айтты. Оның ішінде нақты сектор 3,8 процентке, қызмет көрсету саласы бойынша 3,5 процентке өскен. Салалар арасындағы ең жоғарғы көрсеткішті құрылыс, көлік, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6 процентті құрады. Инвестициялар ағыны білім беруде 3,6 есеге, қаржы және сақтандыру қызметінде 3 есеге, көлік және қоймалауда 2,1 есеге, құрылыста 2 есеге, ақпарат және байланыста 20,9 процентке, өңдеу өнеркәсібінде 15,8 процентке өскен.

– Өңірлер арасында ең жоғарғы өсу Жетісу облысында 2,1 процентке, Ұлытауда 2,3 процентке, Жамбыл облысында 40,4, және Алматы облысында 34,4 процентке өсті. Сыртқы сауда айналымы 3,2 процентке өсіп, 140 млрд долларға жуықтады. Экспорт 79 млрд долларға жуықтап, оның ішінде өңделген тауар 25 млрд-тан аса долларды құрады. Тауар импорты 61 млрд доллардан асты. Жалпы, оң сауда балансы 18 миллиард долларға жуық, – деді ол.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша 14 өңірде оң өсу көрсеткіші бар екенін айтты. Соның ішінде ең жоғарғы өсу Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, және Абай облыстары болып отыр. Сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8 процентке ұлғайса, онда 16 өңірдің үлесі басым. Министр құрылыс монтаждау жұмысының ең көп өсімін көрсеткен Алматы қаласы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысын айрықша атап өтті. Одан әрі тұрғын үйді пайдалануға беру жайына тоқталып, ағымдағы жылы қаңтардағы есеп бойынша 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. Ең жоғарғы көрсеткіш Астана қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облысында тіркелген.
Елімізде ауыл шарушылығы бойынша жалпы шығарылым 0,4 процентке өскен. Бұл көрсеткіште де Абай облысы, Жетісу облысы, Алматы қаласы және Қызылорда облыстары алдыңғы орыннан көрінген.
Сонымен, өңірлер бойынша барлық жеті негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу үш өңірде – Қызылорда, Павлодар және Астана қалаларына тиесілі екеніне көз жетті.
Одан әрі елімізде Ішкі өнім өсуіне үлес қоса алатын негізгі резервтер жөнінде баяндалды. Мұның ішінде «Тұрғын үй-2025» бағдарламасы да бар. Сол сияқты отандық өндірушілерді мемлекеттік сатып алуға жұмылдыру талабы да өзекті болып отыр.
Министр инвестициялық бағытқа бөлінген қаржыларды толық және уақытында игеруге басым бағыт берілетінін айтты. Экономиканың өсімін ынталандыру мәселелерінің қандай да бір шаралары толық қадағалауда болатынын жеткізді. Алдағы кезеңде экономика көрсеткішін 6 пайызға көтеру міндеті тұр. Ол үшін жоғарыдағы міндеттермен қатар мемлекеттік шығыстарды толық игеру, басты драйверлерді іске қосу, инвестиция қарқынын арттыру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау талаптары өзекті бола түспек. Биыл 1 триллионнан аса көлемде екінші деңгейлі банктердің қаржысын жұмылдыру көзделіп отырғаны айтылды. «Бәйтерек», «Самұрық холдингтердегі» жобаларды игеру, сол сияқты шетелден келетін тікелей инвестициялар көлемін 25 млрд доллардан тұсірмеу керек. Осы салаларда тыңғылықты жұмыс жасалса, ел экономикасы өсу қарқынын 6 процентке арттыруға болады.
Келесі мәселе бойынша ҚР Ұлттық банк төрағасы Ақылжан Мәлікұлы 2023 жылдың айлық инфляциясы, халықаралық резервтер және зейнетақы жарналары туралы баяндады. Ұлттық банк сыртқы және ішкі нарықтағы экономиканы бақылап, инфляцияны одан әрі төмендету жұмысын жалғастыратынын айтты.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің бюджет комитетінің төрағасы Мәди Төкешұлы баяндады.
Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бү­гін жиында қаралған мәселелердің аймағымыздағы жай-күйін тар­қатты. Өңірлер арасында ең негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы бірінші орында. Өткен жылдың соңғы төрт айында да алғашқы үштікте болдық. Бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі. Алайда шағын және орта бизнес субъектілер саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеген, бұл бағытта Жаңақорған ауданында ғана жақсы жұмыс бар.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат төлеуден жалтарып, ЖК-сін жапқан жеке кәсіпкерлер қатарының көптігі облыс көрсеткішін кері тартқан келеңсіздікке ұрындырып отыр. Бұдан да басқа сала жұмысын өрістетуде өңірлерде іске қосылмай тұрған резервтерді жандандыруда аудан әкімдері мен сала басшылары­на нақты тапсырмалар берілді. Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өнеркәсіп көлемі төмен Қармақшы ауданы басшылығына ерекше ескерту берді.
Қызылорда қаласында өнеркәсіп көлемі 7,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 8,7 пайызға төмендеген. Өңірде жалпы өнеркәсіп көлемінің төмендеуі мұнай көлемінің азаюына байланысты екені белгілі. Әйтсе де аймақтағы басқа өндіріс көздіері арқылы бұл олқылықтың орны толықтырылуы керек. Бұған әр сала басшысы талдау жүргізіп, бағыт-бағдар түзуі маңызды.
Аймақ басшысы облыс бюджетінің игерілуі мәселесіне де тоқталды. 2024 жылдың 1 ақпанындағы есеп 98,8 пайызды құрағанын, игерілмеген 872 млн теңге, оның ішінде үнемделген қаражат 90 млн теңге, басқа да себептермен игерілмеген 181 млн теңге бар екенін айтып, ең көп қаражат игерілмеген кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының атына қатаң сын айтты. Сол сияқты денешынықтыру, спорт және туризм басқармасында қаржы толық игерілмеген. Аймақ басшысы бағдарлама әкімшілеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың заңға сәйкес нақты игерілуін тапсырды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
17 ақпан 2024 ж. 253 0