Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас мамандар қайда жүр?

Жас мамандар қайда жүр?


Еліміздің дамуы, қоғамның өркендеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, мемлекет тұғырының биік болуы білікті де білімді маманға байланысты. Білікті маманды ең алдымен, өз кәсібіне деген құрметі қалыптастырады. Мұндай жандарға қандай ортада да бір кісілік орын бар. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі түлектерінің туған жерімізде әр түрлі салада қызмет атқарған қадамынан біз осыны аңғардық.


Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті мамандарды қолдау бағытында колледж бітірушілерді тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде меморандум мәселесі бастау алған еді. Осы бағыттағы жұмыстар қалай жүзеге асып жатқанын білмекке колледжге арнайы ат басын бұрдық. Мұнда 7 мамандық 8 біліктілік бойынша 126 студент жергілікті бюджеттен және пилоттық жоба бойынша «Дәнекерлеу ісі» мамандығына 23 студент қабылданыпты. 19 мамандыққа арналған 24 біліктілікпен 338 студент білім алуда. Тарқатып айтсақ, бірінші курста 148; екінші курста 109 үшінші І курс бойынша 81 студент дәріс алуда. Бұл туралы колледж басшысының міндетін атқарушы Талғат Шарап баяндады.
– Жыл сайын түлектеріміздің жұмысқа орналасуына мониторинг жасалады. Мәселен, 2023 -2024 оқу жылында оқу орнын тәмамдаған 111 түлектің басым бөлігі жергілікті кәсіпкерлік нысандарда еңбек етуде. Ауданға қажетті мамандар зерделеніп, осы оқу ордасында оқытылады, –деді ол.
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде оқытылып жатқан мамандықтар жөнінде директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Дәулетхан Мадиярханұлы баяндап берді.
– Біздің колледжімізде жиырмаға жуық мамандық оқытылуда. Нақтырақ айтсам, автомобиль көлігіне тех­никалық қызмет көрсету және жөндеу слесарі, электрик, құрылысшы, дәнекерлеу ісі, электргазымен дәнекерлеу­ші, компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операто­ры, аспазшы, тігінші, токарлық іс, кенші, ветеринария, ветеринарлық санитар секілді мамандықтарда білім беріледі. Жас мамандарды даярлауға 147 қызметкер тәлім-тәжірибесін бөлісуде. Олардың ішінде 76 педагог кадр болса, 20-ы өндірістік оқыту шебері, 31-і жалпы білім беретін оқытушы, 21 арнайы пән оқытушы, 4 шеберхана меңгерушісі тәлім береді,», – деді.
Дуалды оқыту бойынша техникалық және кәсіби білім беру шеңберінде 124 студент қамтылған. Шәкірттер­дің практикалық шындалуына әрі тұрақты мамандануы­на колледждің әлеуметтік серіктестері: ДК "Автомектеп Жаңа­қорған" ДК Ажимуратов; №51 орта мектебі; №194 орта мектеп №56 орта мектебі ДК Олжас ДК Бағжан; №110 орта мектебі №49 орта мектебі №166 орта мектебі; ДК «Мағ­жан» ДК Арсен ДК. Исабаев «Тоқтамыс» ШҚ; «Бақытжан» ШҚ ДК «Баязова» ДК "Аруназ" кәсіпкерлігімен келісім-шарт жасалыпты. Жұмысқа орналасу бойынша 2020-2021 оқу жылы 176 бітіруші түлектің 113-і жұмысқа орналасса, 2021-2022 оқу жылы 179 бітіруші түлектің 123-і жұмысқа орналасқан және 2022-2023 оқу жылы 298 бітіруші түлектің 247-сі жұмысқа орналасқан.

Тігінші мамандығын бітірген колледж түлектері, Сания Әнуарбек – «Кәусар» балабақшасында, Диана Бейсен «Ер-Нұр» балабақшасында, Нұрай Жұмаділла мен Сымбат Серікбайқызы «Макі-Макі» дәмханасында, Ақбота Мадиева Алматыда корей ресторанында, Диана Рүстембек пен Айнұр Тілеуберген «Өзіміздің донер» дәмханасында өз мамандығы бойынша қызмет көрсетуде.

Дәнекерлеуші мамандығын бітіргендердің дені ірі фир­маларға орналасыпты. Өткен жылы қолына диплом ұстаған Жандос Ермұрат өзінің шағын цехын іске қосыпты. Заманауи үлгіде үй және аула қақпасын, оюлы орындықтар, темірден сомдаған әткеншектер жасап балалар ойын алаңқайына өзіндік қолтаңбасын қалдыруда. Бірнеше айдың жүзінде табысқа шыққан шебердің ісіне ел сүйсінуде. «Темір ұстасы болуым үшін дәнекерлеу ісі мамандығын таңдап, әр сабаққа ынтамен қатысып, бітіре сала өз кәсібімді бастадым. Оқу барысында түрлі шеберханаларда болып, тәжірибе жинадым. Міне, бүгін өз ісімді дамыту үстіндемін, – дейді шебер.
Оқу өндірістік орнында түлектерге техникалық мамандық беріп қана қоймай, оларды сан түрлі өнерге баулу басты назарға алынған. Сондай-ақ колледж қабырғасында балалар спорттың сан түрімен айналысуына мүмкіндік мол. Соның бір көрінісі Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills» Ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі Қаза­лы аграрлы-техникалық колледжінде өткізіліп, нәтижесін­де Мәтен Нұрдәулет Нұрділләұлы І орын иегері атанып, «WorldSkills Kazakstan-2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында осы азаматымыз тағы да І орын «Алтын белгі» иегері атанды.

ТҮЙІН. Өңірдің кәсіби мамандануына жүйелі жұмыс жасап келе жатқан еңселі білім ордасының құлашы кеңге жайылып, өрісі үдеуіне әрбір шәкірт осындай үлес қосса игі.

Мақпал МАРҚАБАЙ

17 ақпан 2024 ж. 243 0