Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнертапқыш Ерзат

Өнертапқыш Ерзат


Барлық саланың өзегі оның ғылыми жүйесінен бастау алады. Қазір мектеп оқушыларын ғылымға баулу жан-жақты қолға алынды. Осы бағытта заманауи технологиялар мектеп қабырғасына еніп, оқушылар өз бетінше әрекет ете бастады. Мұндай жобаға №286 мектепте терең қанығып, шәкірттердің еңбегін көзбен көріп қайттық. Біздің нысанаға 11 сынып оқушысы, жас ғалым атанып үлгерген Ерзат Мадияр ілікті. Біз жас өнертапқыштың екі жобасымен танысып, бағыт-бағдарын білуге тырыстық.


Ғылыми бағыт десек бірден ойымызға күншығыс елі елестейді. Әлем елдерінің озық технологиясын меңгерген бір­ден-бір ел – жапондар. Олар барлық салаға, оның ішінде ғылымға аса көңіл бөледі. Жаңа технологияларды жетік меңгеріп, мүмкіндігінше өздері ғылыми жүйеге өзгеріс енгізіп отырады. Тіпті оқушылар мектепте жүрген кезінен шағын кәсіп ашуға дағдыланады. Тың идеялар ойлап тауып, айналымға енгізу үшін жобаларын өндіріс орындарына ұсынады. Жапон педагогикасының не­гізгі мақсаты – ұжымда бірлесе жұмыс жасай алатын еңбек адамын тәрбиелеу, өйткені тек тынымсыз еңбек қана қоғамда жақсы орын табу мүмкіндігін береді деп есептейді жапондар. Мі­не, жапон халқы ғылымға, болашақ мамандыққа осылай жақындай түседі.
Бүгінгі біз сөз еткелі отырған білім беру ордасының тыныс-тіршілігімен танысу барысында заманауи құрыл­ғыларға көбірек ден қойдық. Мәселен, арнайы көзілдірік арқылы сабақ өту үлгісі, екі түрлі құрылғы арқылы түрлі-түсті заттар өндіру процесін тамашалап, дрон, робототехника және басқа да техника түрлерімен таныстық.
«STEАM» жобасы аясында былтыр ғылыми бағытқа ынтасы ауған Ерзаттың алғашқы жобасы лайланған, лас сулар­ды тазартып, өндіріске қайта пайдала­ну болыпты. Яғни, көл-тоғандардағы аяқ суды сүзгіден өткізіп, егін мен мал шаруасына дұрыс пайдалануды үйлестіру сынды үлкен мақсат қойыпты алдына.

– Жобамның мақсаты – өзен-көл­дердегі ластанған суларды арнайы құрылғылар арқылы алдымен тазартып, содан соң қолданысқа ұсыну. Қазір аудан бойынша аяқсу мәселесі өте күрделі болып тұрғаны рас. Бұл түсінікті жағдай, менің мақсатым керексіз, пайдаланусыз қалған көл­дер жүйесін қайта қалыпқа келтіріп, шаруаларға беру болатын. Бұл жоба біздің елде саусақпен санарлықтай ғана. Мен мұның негізін Астана қаласынан қарап көрдім. Бұйырса, алдағы уақытта қайта жасақтап, ұсынатын боламын, – дейді жас ғалым.
Жоба бойынша су тазарту құрыл­ғысы екі бағытта жұмыс жасайды екен. Екеуінің де қызметі бір, біріншісі, су құбырлар арқылы алынып, арнайы сүзгіге жеткізіледі, онда өзінің тазалау функциясы бар. Ал, екінші бағыт­та да су арнайы фильтрге жиналып, тазартылады. Фильтр құрамында тас, көміртегі және басқа да қоспалары бар. Жалпы жобаны болашақта жүзе­ге асырса шаруаларға тиімді болмақ. Өйткені бұл егіннен бұрын төрт түлікке аса қажетті болмақ.
Ерзат Бекзатұлының екінші жобасы адам организмінің ішкі құрылысына бағытталыпты. Зәр шығару жүйесінің қалыпты жұмысын қалай қадағалау­ға болады? Келешекте гемодиолиз деп аталатын жобасын қорғауға ниетті. Бұл арқылы бүйрек ауруынан зәр шық­пай қалғанда құрылғы арқылы реттеу көзделген.
– Бұл жобаны әзірге зерттеу үстін­демін. Құдай қаласа, жоғары оқу орнында адам ағзаларының нәзік талшықтарына жан-жақты таным қа­лыптастыра отырып нақты жүйесін келтіремін деген сенімдемін. Осы ретте, жобаларды жасауға жетекшілік етіп жүрген Данагүл апайыма үлкен алғыс білдіремін, – деді жас өнертапқыш.
Бекзат үйдің тұңғышы, болашақ мамандығы ІТ саласы екен. Жаңа технологияларды меңгеріп, өндіріске бет бұруды көздейтін ол ғылыми жобадан қол үзбеуді мақсат етіп отыр. Тағы бір жобасында мектеп ауласын толық жарықтандыра алатын құрылғының нобайы бітуге таяу. Тоқтала кетейік, аталмыш мектептің оқушылары 6 сыныптап бастап ғылыми жобамен жұмыс жасауда. Биогомус, биогаз өндіру, газдалған сусындардың зияндылығы, қоқысты қайта өңдеу сынды жобаларды жүйелеу үстінде. Білімгерлердің бұл талпынысын көріп, қуандық. Ең бастысы, басталған іс аяқсыз қалмаса болғаны.

Әли ТЕМІРБЕК

17 ақпан 2024 ж. 258 0