» » Оқушылар «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экпедициясына аттанды

Оқушылар «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экпедициясына аттанды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экпедициясына аттанды.


Дәстүрлі оқушылар экспедициясына қатысу 2022-2023 оқу жылында академиялық, қоғамдық және әлеуметтік бағытта жоғары нәтижелермен ерекшеленген «Алаш» Шаңырағының білім алушыларына бұйырды.
Кеше экспедициялық топ Ақ орданың астанасы болған, ортағасырлық қалалардың бірі – Сауран қалашығына барды. Оқушылар қайта қалпына келтірілген көне үйлерді, мешітті көзбен көріп, жергілілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, зерттеу жұмыстарына бағыт бағдар алды.
Содан соң, аудандағы «Ыстық нан» наубайханасы мен «Кәусәр» сусын шығаратын зауытына соғып, өндіріспен танысты.
Айта кетейік, «Туған елге тағзым» экспедициясы аясында жас өрендер Сыр өңірінің көне тарихқа толы насандарды аралап, ғылыми-зерттеу жобалары аясында эксперименттік жұмыстар жүргізетін болады. Сонымен қатар ондаған мұражайлардың құнды экспонаттарымен танысып, білім көкжиегін кеңейтеді. Аймақтағы ірі өндіріс орындарына барып, кәсіби бағыт-бағдар алады.
15 маусым 2023 ж. 110 0