№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көліктің "VIP" нөмері қанша тұрады...

Көліктің "VIP" нөмері қанша тұрады...



Соңғы уақыттары елімізде қымбат көліктерге ғана емес, «VIP» нөмірге де қызығушы жүргізушілер көбейген. Биыл жұрттан ерекшеленгісі келетіндер саны күн санап артуда. Өткен жылы авто нөмір алғандардың көшін алматылықтар бастап тұр. Одан кейінгі орын Шымкент жүргізушілері мен елордалықтар еншісінде. Ал Солтүстік Қазақстандықтар керісінше вип нөмірлерге аса қызығушылық танытпайды екен. Ал біздің өңірдің жайы қалай? 2023 жылы VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады. Бұл жөнінде Халыққа қызмет көрсету бойынша Жаңақорған аудандық бөлім маманы Айсұлу Абдураймовамен тілдескен едік.
– Айсұлу Тұрғалиқызы, бүгінде «VIP» нөмірлер сәнге айналды. Өткен жылы атаулы нөмірлерге сұраныс қандай болды? – 2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан.
– VIP нөмірлер қанша тұрады?
– Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі. Қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі берілгенде азамат 2,8 АЕК көлемінде немесе 2023 жылы 9 660 теңге мемлекеттік баж төлейді. Бұл жағдайда нөмір комбинациясы шашыраңқы немесе аздап ерекшеленуі мүмкін. Ал VIP нөмірлер әлдеқайда қымбат – 196 650 теңгеден 983 250 теңгеге дейін жетеді. VIP мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісіне тапсырыс берген адам бірдей немесе қайталанба сандар, сондай-ақ әр түрлі әріптер жиынтығын енгізуге құқығы бар. 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды. VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады. – Жалпы, елімізде былтырғы жылы қанша адам жүргізуші куәлігін алды? – 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді. Оның ішінде, Қызылордалық автокөлік жүргізушілері 2023 жылы 1071 жоғары сұранысқа ие VIPнөмірлерге тапсырыс беріп, бюджетке 334 013 535 теңге қаражат түскен.
– VIP-нөмірді қалай рәсімдейді?
– Егер көлік жүргізушісі VIP нөмірге тапсырыс бергісі келсе, қажетті мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін eGov мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Әзірге бұл қызмет қосымшаның басты бетінде де бар. Одан әрі “Қызметтер тізбесі” бөліміне өтіп, “Жүргізу және көлік” тармағын таңдауыңыз керек. Ашылған бөлімде “Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру (жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі)” қызметін таңдау қажет. Жеке деректерді толтырып, көлік нөмірі мен сандары мен белгілері жазылады. Айта кетейік, аймақ коды өзгермейді, ол тұрып жатқан жеріңізге байланысты өзгереді. Кез келген мәнді енгізіп, “Іздеу” түймесін басқан кезде мұндай комбинация тегін немесе жоқ деп шығуы мүмкін, сонымен қатар енгізілген жиынтық қымбат нөмірлерге жатпайтын болса, көлік нөмірін жоғары сұранысқа байланысты өзгертуді сұрайтын хабарлама көрсетіледі. Ал сұраныс қабылданған жағдайда нөмірдің құны көрсетіледі. Егер қажетті нөмір бос болса және құны көңіліңізден шықса, “Жалғастыру” түймесін басып, МТНБ алғыңыз келетін аумақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және нөмір формасын (екі ұзын немесе бір квадратты және бір ұзын) таңдауыңыз қажет. Осыдан кейін төлемге бөліміне көшіп, нөмірдің құнын өтеу керек. Әлбетте, осы жасалған тапсырыстың нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетілетін болады. Ал дайын VIP нөмірді тек өзіңіз белгілеген халыққа қызмет көрсету орталығынан алып кету керек. Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар. Автокөлік сатылған жағдайда клиент өз атындағы VIP нөмірін арнайы ХҚО-да сақтауға құқылы. Егер көлік иесі 30 күн ішінде дәл осындай нөмірмен жаңа көлікті тіркемесе, қымбат нөмірді сақтап қалу үшін әдетте үстіне 10 мың теңге төлеуге мәжбүр болады. «Әдемі» нөмірді шексіз сақтауға болады.
– Сұқбатыңызға рақмет! Әсел РЗАЕВА
01 ақпан 2024 ж. 300 0