Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ДосболLIKE – достық дәнекері

ДосболLIKE – достық дәнекері



Еліміздің ертеңі жасұрпақтың үйлесімді дамуы мен ортақ іске ұмтылуға, әсіресе, тағылымды тәрбие және озық білім алуға, өнер мен спортта жеңіске жетуге, ізденіске жұмылуға тәрбиелеу – маңызы зор, күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған. Сол себепті 17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамасымен білім беру ұйымдарында «ДосболLIKE» бағдарламасы іске қосылды.
Ауқымды акцияға мектеп ұстаздары, педагог – психологтар, ата – аналар, еріктілер қатысады. Акция оқушыларды мектеп ортасында достық қарым – қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандырады. Оқушыларға мектеп холлының қабырғасына бекітілген стендте немесе үлкен плакатта қызықты іспен бірге айналысатын адамдарды табуға ұмтылыс туралы ақпарат орналастыру ұсынылады. Оқушыларды акцияға белсенді болуға шақырып, лездеме өткізілді.
Сонымен бірге, топтық спорттық, зияткерлік жарыстар өткізіліп, балалар бір-біріне тілекші болуға, қоршаған ортаға, жан-жануарға қамқорлық жасауға машықтанады. Акция соңығда яғни бір айдан кейін оқушылар аталған челленджден алған әсерімен бөлісіп, акция барысында тапқан жаңа достары жайында ойын білдіреді.
Достық жайлы әндер айтылып, оқушылар бір-біріне достық көңілдері мен қолдауларын білдірді. Осы акция барысында еріктілік, бастамашылдық, жауапкершілік, сенім, өзара көмек, шығармашылық қағидаларын ұстану басты назарда.
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін атсалысатын жас азаматтарды тәрбиелеп шығу – біздің ортақ міндетіміз.
Дайындаған: Гүлден СЕРІКБАЙ
15 қаңтар 2024 ж. 449 0