№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Қазақстандықтар ағымдағы жылы медициналық сақтандыру үшін қанша төлеуі керек? Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов толығырақ айтып берді.
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылу үшін  өткен 12 айдың берешегін жабу керек немесе алдағы 1 жылға жарна төлеуге болады. Бұл жағдайда төлемді әр айға жеке-жеке төлеген жөн. 
1 қаңтардан БЖТ қолданылу мерзімі аяқталғандықтан,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлеу;
- жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.


Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін 2024 жылы 5852,63 теңге жарна төлейді.
Екі жерде жұмыс жасаса, жарналарды қалай төлейді?
Кейбір азаматтар екі жерде жұмыс істейді. Бұл жағдайда төлемдерді есептеу үшін шекті табысты ескеру керек – ол 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге).   
 МӘМС-ке аударымдар әр жұмыс орнынан аударылады, бірақ 25 000 теңгеден аспауы керек. (850 000 теңгенің 3%).
Ал жарналарды есептеу кезінде барлық жұмыс орынанан түсетін ортақ табысы ескеріледі, яғни әр айға жарна 17 000 теңгеден аспауы тиіс (850 000 теңгенің 2%).
Қызметкер төлемдерді дұрыс есептеу үшін бірінші жұмыс орнынан екіншісіне анықтама тапсыру керек.
Мысалы, қызметкер А ұйымынан 550 000 теңге жалақы алса, Б ұйымынан 400 мың теңге түседі. Оның ортақ табысы 950 000 теңге, яғни, шекті салық салынатын кірістен жоғары.
Бұл жағдайда бірінші жұмыс беруші 11 мың теңге көлемінде жарна ұстап, 16 500 теңге көлемінде аударым жасайды.
Екінші жұмыс орнында оған 6 000 теңге (жарнаның ең жоғары мөлшері 17 мыңнан  төленген 11 000 теңге жарнаны шегергенде) жарна төлейді.
Аударымдардың мөлшері 18 000 теңгені құрайды (аударымдарды есептеу үшін табыс қосылмайды).
Сондай-ақ, ресми қызметінен бөлек, жеке бизнесі бар жеке кәсіпкерлер де бар. Бұл жағдайда қызметкердің жалақысынан қажетті жарналар мен аударымдар төленеді әрі Салық кодексі талап еткендей жеке бизнесі үшін төлеуі қажет.
Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  •   fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  •   1414 байланыс орталығы
  • Damumed мобильді қосымшасы
  • Halyk мобильді қосымшасы
  • BCC.KZ мобильді қосымшасы
  • Kaspi.kz мобильді қосымшасы
  • egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік   қызметі арқылы.
10 қаңтар 2024 ж. 257 0