Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келешекке менің де бар үлесім

Келешекке менің де бар үлесім

Ел болашағы қашан да жастарға тікелей байланысты. Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда жастар ел халқының жалпы санының 20,2%-ін құрайды. Жастар – ел дамуының, болашағының стратегиялық ресурсы, бүгіні мен ертеңінің қозғаушы күші. Сондықтан жастарға бүгін және қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, құба-құп. Елімізде бірнеше жылдан бері жастарды қолдау, оларға кәсіби білім беру, жұмыспен қамту секілді мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылданып жатыр.

Жастар саясаты мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтар, азамат бойындағы еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық қасиеттер секілді қағидаттарға сүйенеді. Сондай-ақ, жастар саясатының басым қағидаттарына конфессияаралық келісім және этносаралық толеранттылық, ұрпақ сабақтастығы, отбасыдағы тәрбие кіреді.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деп қазақ атам айтқандай, бүгінгі жастарымыз еңбекқор, жаңашыл, ізденімпаз болып қалыптасуда. Жастар игілігіне бағытталған «Болашақ» бағдарламасын ерекше айтып өтуге болады. Осы бағдарлама арқылы біздің көптеген жастарымыз шет елдерге барып, білім алып, осы алған білімдерін еліміздің игілігіне жаратып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүр. Бұдан бөлек, жастар саясатына қатысты басқа да бірқатар бағдарламалар қолға алынуда. Мәселен «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар бізге, яғни жастарға серпін беріп, алға қарай ұмтылуға ықпал етуде.
Біз, еліміздің болашағын бүгіннен бастап ойлап, тарихымыздағы ата-бабалар жолын үлгі тұтуға тиіспіз. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана халқымыз айтқандай, жас та болса үлкен жүректі, ойлы азаматтардың жақсы істерге бас болып, қарияға қамқор болуы, парасатты істің басы-қасынан табыла білуі қуантады.
Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра бірнеше буын ұрпаққа сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.
Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» - деген болатын. Сондықтан жастар Мемлекет басшысының сенімі мен үмітін ақтауға тиіспіз. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!»
Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне, егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға отыз екі жыл толып отыр. Ұлт-азаттық көтелістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық. Қазақстан мемлекетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік-басты қағидаларының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр. Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа кол созды. Қазақстанның отыз екі жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған белестері бар.
«Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен.
Менің айтпағым, Қазақстан мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс жасау керек» деп ойлаймын.

Назерке Базарбаева

26 желтоқсан 2023 ж. 209 0