№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?


Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда, Қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме? Бұл сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін аңғармайды. Бұл сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында жауап берді.

Филиал директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, қаржыландыру тапшылығын төмендету қажеттілігіне байланысты енгізілген. Егер 2019 жылы денсаулық сақтау саласына 1,03 трлн теңге бөлінген болса, 2023 жылға қазірдің өзінде 2,5 трлн теңге қарастырылған, оның 110 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, соған сәйкес, азаматтардың көпшілігі барынша медициналық көмекке жүгіне алады.
МӘМС үшін ақша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі ме?
Көптеген адамдар МӘМС төлемдері Қорға түседі және ол қаражатқа өз қалауы бойынша жұмсайды деп қателеседі. Жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі (яғни, тікелей Қорға емес), олар басқа мақсаттарға жұмсалынбайды.
Жарналар қайда кетеді?
Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға – Қордың жеткізушілеріне – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
Мысалы, Қызылорда облысында 2022 жылы МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық көмекке 36,6 млрд. теңге жұмсалды, 2023 жылы 46,1 млрд. теңге бөлінді.
МӘМС-ға қанша қаражат түсті?
2023 жылдың 1 қаңтары мен 1 қарашасы аралығында 986,4 млрд. көлемінде жарналар мен аударымдар түсті, оның 327 млрд. - азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін мемлекеттің жарналары. Осы кезеңде Қызылорда облысының тұрғындарынан 17,2 млрд. теңге түсті.
Бұл қаражат МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде ай сайын жіберіледі.
Егер мен медициналық көмекке жүгінбесем, жарналарымды шешіп ала аламын ба?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды.
Мысалда қарастырайық. Бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ  бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады.
Тек стандартты сынақтар жиынтығы, гормондарды,   инфекциялардың болуын тексеру үшін бірнеше ондаған мың қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, КТ/МРТ және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар  күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болуы мүмкін.
Егер ота жасалатын болса,  олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда пациент жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.
Сондықтан, МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.
Егер сізде қосымша сұрақтар  немесе медициналық көмекке қатысты мәселелер туындаған жағдайда, сіз өзіңіздің клиникаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы келесі  байланыс арналары бойынша өтініш жібере аласыз:
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  •  fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы.
Сондай-ақ, Қор медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріп, төлемдер туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкіметтің сайтында «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» қызметі арқылы алуға болатындығын еске салды.
22 қараша 2023 ж. 206 0