№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ай-Ару» би тобы жеңіспен оралды

«Ай-Ару» би тобы жеңіспен оралды

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауда қазақтың би өнерінің орны ерек. Ххалықтық би өнері - ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасқан ел мұрасы. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Би халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде әлі де өркендеп келеді. Соңғы уақыттары қазақтың би өнері кеңінен дәріптеліп, түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Өткен жұма күні Түркістан қаласында өткен халықаралық «DANS BATLE» би байқауы болып өтті. Оған ауданымыздан Өскенбай Жұмаділла атындағы дарынды балаларға арналған мектептен 40-қа жуық бала қатысып, жүлделі орынды қанжығаларына байлады.

Байқау – балалар өнерінің шың­далар тұсы. Жыл бойы ұс­таз­дың сіңірген еңбегі мен ба­ла­ның қабілетінің кеңінен та­ны­­лып, сараланар тұсы. Көркемдік пен табиғаттың берген дарынын көрсетуге үлкен мүмкіндік әрі зор жауапкершілік. Атаулы мектептің балауса қыздарын өнерге баулып, би өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген ұстаз Жансая Нұрғалиқызы би өнері мамандығын тәмамдап, ұстаздық етуді мұрат етіпті.
– Қазақ халқында би өнері қашанда ерекше бағаланған. Себебі би – адамның қозғалысы, дене қи­мылы арқылы көркем бейне қалып­тастыратын сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері – ерте заман­нан қалыптасқан, тұрмыс салты­мен біте қайнасып келе жат­қан ел мұрасы. Қыркүйек айынан бас­тап би үйірмесін жүргізіп келемін. Бір емес бірнеше топпен жұмыс жасаймын. Атаулы байқауға үш топты дайындадық. Оның біреуі бас жүлде, екеуі 1-орындарды иеленді. Енді міне түрлі байқауларға қатысып жатырмыз. Жетістікке жету үшін көп еңбек қажет. Сондықтан баланың өнерін дамытып, талабын ұштауға тырыстым. Мен бұл жауапкершілік­ті жүрегіммен сезінемін. Өзімнің қыздарыма да бар білгенімді үйре­тіп, үнемі ізденіп отырамын. Соның нәтижесінде дүбірлі додада оқ бойы озық шығып, биіктен көріндік. Бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан да, дайындықты бастадық, – дейді жетекші Жансая.
Осы тұста айта кетейік, мектептегі әр баланың бойындағы дарынын ашуды мақсат тұтқан мектеп ұжымы қандай сайыс болмасын, балаларға демеу көрсетіп, әрдайым қолдап отыратынын ата-аналар жағы тілге тиек етті.
Бір қуантарлығы, қандай байқау болсын, барлығына да ұлттық би мен қатар түрлі жанрдағы биді де дайындайды екен. Жетекшінің сөзінше, қазақтың ұлттық биі өте ауқымды, қимылдары ерекше екен. Расында, мың бұралған биші қыздардың дайындығы керемет. Ұстаздарының айтқанын қағып алып, бір-бірлерін үнсіз түсінісіп, жаңа дайындыққа кірісіп кетіпті. Міне, сондықтан да би жетекшісі Жансаяға дән риза.

Әсел Рзаева

31 қазан 2023 ж. 276 0