№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы ұлттық мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы ұлттық мерекемен құттықтады



Құрметті жерлестер, қадірлі қауым!

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт ұясы Ұлытау жерінде өткен құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті.

Республика күні біздің еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарымыздың жарқын символы. Бұл мереке Қазақстан тарихында ерекше маңызға ие айтулы мереке болып қала бермек.
Ендеше, Президентіміздің өзі мән беріп, маңызын баса айтқан— Республика күні Ұлттық мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.
Биыл ауданымыздың 95 жылдығын аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы мен облысымыздың зиялы қауым өкілдері және Өздеріңіздің қатысуларыңызбен кең көлемде атап өттік. Бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне табысталып, ауқымды галаконцерт ұйымдастырылды. Ауданымыз құрылғалы 95 жылдың ішінде ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі өсіп-өркендеп, мәдениет мен өнері, руханияты орасан зор даму жолына түсті. Әсіресе соңғы жылдары қатарынан Сыр өңірінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарынан көрінуі сол арынды қадамның айғағы.
2023 жылдың 9 айында аудан көлемінде 80,1 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 51,6 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 26,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 271 жобаға 2 млрд 684,6 млн теңгенің қаржылай қолдауы көрсетілді. Ал ауылшаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 14 млрд теңгеге жетті.
Жыл басынан 13,9 млрд теңге болатын 79 жоба қолға алынып, 8 млрд. 889,5 млн теңге болатын 64 жоба аяқталуға жақын, 15 жоба келесі жылға өтпелі, келер жылы тағы 25 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 3,2 млрд теңге болатын 3 мектептің құрылысы басталды. Жоспарға сәйкес келесі жылдың жаңа оқу жылына қарсы пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, 292 млн теңгеге болатын Қаратөбе ауылынан жаңа дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, келер жылы 966 млн теңге болатын Төменарық ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, онымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухана салу жоспарланды. Аурухана салынған жағдайда ауданның солтүстігіндегі 6 елді мекеннің 12 мыңға жуық халқы өз аумақтарында амбулаториялық тексерулерден өтіп, стационарлық ем қабылдау мүмкіндігіне ие болады, әрі аудандық емханадағы артық жүктеме азаяды.
Бірер күн бұрын Жайылма ауылындағы жаңа 150 орындық мәдени ошақ ауыл халқының игілігіне табысталды. Қараша айында Өзгент ауылындағы 150 орындық клуб табысталатын болады. Сонымен бірге, 120 млн теңгеге Әбдіғаппар ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өтуде. 2024 жылы жоба құны 1,6 млрд теңгеге Екпінді, Көктөбе, Кеңес ауылдарынан жаңа клуб үйлерінің құрылысын салу жоспарымызда бар.
Сондай-ақ, 2,7 млрд теңгеге Шалқия, Өзгент, Бесарық елдімекендерінен 3 спорт кешеннің құрылысын салу жоспарланып отыр. Аталған спорт кешендері салынса қосымша 40 адам жұмыспен, 1 мыңға жуық бала спорт үйірмелерімен қамтылады.
Ауданның қазіргі таңда газдандыру үлесі халық санына шаққанда 42 пайызды, елді мекендер бойынша 8,5 пайызды құрайды. Биыл Төменарық, Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден елді мекендеріне газ құбыры мен ауылішілік газ желісін тарту жұмыстары басталды. Жоба құны 2,8 млрд. теңгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сәтін салса көгілдір отынның игілігін 7 елді мекен, 42 мыңнан астам аудан тұрғыны көретін болады.
Аудан бойынша ауыз су желілерінің жалпы ұзындығы 631 шақырым. Қазіргі таңда ауданда ауыз сумен қамтуға байланысты жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылуда. Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан халқы толық, тәулікбойы ауыз сумен қамтылатын болады. Сонымен қатар, ауданы аумағында 38 автомобиль жолдарын жөндеуге 1,1 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін толықтай аяқталады.
Жаңақорған ауданының тозығы жеткен электр желілік жүйесінің жаңғырту жұмыстарына да 1,6 млрд теңге бөлініп, 9 елді мекенде электр жүйесін жаңғырту жұмыстары жүруде. Биылғы жылы жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба демеушілік есебінен жоспарланды. Осы жобалар жүзеге асқанда электржелілік жүйесінің тозуы шамамен 51 пайызға, авариялық жағдайлар 42 пайызға төмендейтін болады.

Биыл ауылшаруашылығы саласының даму қарқыны ерекше. Диқан қауымының еселі еңбектерінің арқасында қамбамыз астыққа, қырманымыз дәнге толып, елдің ырыс-берекесі арта түсті. Облыс орталығында өткен «Алтын дән» дала еңбеккерлерінің қорытынды шарасында ауданымыз «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» атанды.

Қадірлі қауым! Ардақты ағайын!
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін.

Құрметпен,
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
25 қазан 2023 ж. 248 0