Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 541

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудан мектептерінің ыстық тамақ сапасына бақылау жүргізіледі

Аудан мектептерінің ыстық тамақ сапасына бақылау жүргізіледі



Жас ұрпақтың салауатты денсаулығын қалыптастыру үшін оқушылардың мектеп қабырғасында дұрыс, толыққанды тамақтануы маңызды. Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бастауыш сынып оқушыларына және 5-11 сыныптар бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушыларға ыстық тамақпен қамту үздіксіз ұйымдастырылып келеді.
Осы орайда балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына және оның құнарлылығына аса мән берілуі керектігі мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері аудан мектептерінде міндетті білім қорынан берілетін бір реттік ыстық тамақтың берілу барысын және асханадағы тамақтану сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Бақылау комиссиясы мектеп ішіндегі асханалардың талапқа сай (стандартты және бейімделген) болуына, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарының сақталуын және дайын тағам сапасын сонымен қатар басты талап негізінде сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруға (күнделікті ас мәзірінің перспективалық мәзірге сәйкестігі), асхана барысындағы санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізіп, қашанда балалардың тамақтану барысындағы қауіпсіздік шаралары үнемі басты назарда болуы керектігі ескертілуде.
Сондай ақ ведомствоаралық комиссия мүшелерінің зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
16 қазан 2023 ж. 724 0