«Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл
Биыл «Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толды. Ел мен елді, аудан мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз атқарып жатқан қарапайым жандар аз емес. Тіпті 35 жылдан астам уақыт бойы бір салада яғни осы почта қызметін атқарып жүрген қызметкерлер де бар. Соның бірі Жапенова Набад Аронрашитқызын айтуға болады.
Ия, аудандық байланыс торабының іші күнде қарбалас. Зейнетақы, жәрдемақы алу, қалаларға сәлемдемелер жіберу, газет - журналға жазылу, төлемдер төлеу бәрі осы мекемеде жүзеге асырылады. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда да пошташы қызметі өз маңыдылығын жоғалтқан емес.
Бүгін почта қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні Жаңақорған аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков және Казпошта акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының Жаңақорған аудандық пошта байланыс торабының басшысы Еркін Абдуғаппарұлы Матенов почта қызметкерлеріне аудан әкімінің, Казпочта акционерлік қоғамы облыстық филиалы басшысының Алғыс хатын табыстап, ізгі тілегін білдірді.