№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?


Қазақстанда көптеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді, жұмыс берушілер еңбек мигранттарын тартады. Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады? Осы сауалмен біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке жүгіндік.

Спикердің айтуынша, шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) қаражаты есебінен берілетін болады.
Шетелдіктер, ТМД елдерінің азаматтары кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек ала алады.
Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төнген және оны тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Бұл жағдайда қаржыландыру ТМККК қаражаты есебінен болады. 2000 жылғы 29 ақпандағы N 320 ҚРҮҚ бекіткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келісім медициналық көмек алуға негіз болады.
Бірге тұратын, ЕАЭО елдерінің бірінің (Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан) азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар және олардың отбасының жақын мүшелері (жұбайы, балалары) алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден басқа МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болған кезде медициналық көмекті пайдалана алады.
МӘМС медициналық көмегін алу үшін шетелдіктерге алғашқы медициналық-санитариялық көмекке ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) шарты қажет екенін білу маңызды. Келісім-шартқа ие бола отырып, мұндай шетелдіктер емханаға тіркеле алады
Егер еңбек мигрантының отбасы мүшелері жұмысқа орналаспаса, онда олар дербес төлеушілер ретінде МӘМС-ке жарналар төлеуі тиіс (2023 жылы – 3 500 теңге).
Балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, мүгедектер, студенттер жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негіз болады. Бұл жағдайда медициналық көмек МӘМС, ЕМС қаражаты немесе шетелдіктердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер медициналық көмекті ҚР азаматтарымен тең алады, бұл дегеніміз- ТМККК және МӘМС көлемінде ала алады (сақтандырылу мәртебесі болған кезде). Шетел азаматтарының бұл санаты жеңілдікке енуі мүмкін. Негіздеме - Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс (83-бап). Қаржыландыру ТМККК және МӘМС есебінен жүзеге асырылады.
01 тамыз 2023 ж. 256 0