№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет вейптерге толығымен тыйым салу шешімін қабылдады

Үкімет вейптерге толығымен тыйым салу шешімін қабылдады



Лоббисттердің және вейпингке тыйым салуды болдырмау әрекеті сәтсіз аяқталды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі вейптерге, сұйықтықтарға және олар үшін хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұған «Respublica» партиясы фракциясының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың атқарған үлкен жұмысы мұрындық болып отыр, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдаған болатын.
Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген. Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда вейптер айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдердің вейптерді тұтынуы айтарлықтай өсті. 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінді. Вейптердің зияны даусыз. Одан бөлінетін будың құрамында аллергиялық реакцияларды, іріңді процестерді, бауыр мен бүйрек қызметін бұзуды тудыратын қауіпті заттардың 2000астам түрі бар. Тыныс алу мүшелері, орталық жүйке жүйесі зақымдалады, мутагендік процестер дамиды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап вейптерді сатуға тыйым салу мәселесін көтеріп келеді. Мен өз сауалымда вейптерді сатуға толық тыйым салуды ұсындым.
Балалардың денсаулығы мен тағдыры үшін күрес өз нәтижесін берді! Кеше бірауыздан дерлік (12 қарсы 2) ведомствоаралық комиссия мүшелері вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге толық тыйым салуды енгізуге дауыс берді", - деді Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Respublica партиясының көшпенді кезектен тыс III Съезінің барысында. Вейптерге тыйым салу жұмысын өткен шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары Зарина Қамасова мен Еділ Жаңбыршин бастады. Қазіргі шақырылымда Мәжілістегі «Respublica» партиясының фракциясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Темекісіз» қоғамдық қорының басшысы Жәмилә Садықова, «Салауатты одақ» бастамашыл бірлестігінің сарапшылары қолдауымен үлкен жұмыс атқарылды. Лоббисттердің және вейпингке тыйым салуды болдырмау әрекеті сәтсіз аяқталды. Барлық тілектес, ниеттес азаматтарды үлкен жеңіспқұттықтаймыз! Партиялық фракция осы мәселені шешу үшін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жұмысын жалғастырады.
29 шілде 2023 ж. 185 0