Топ-баннер

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудан әкімі «Qazaqstan дауысы» мегажобасының финалисін қабылдады

Жаңақорған аудан әкімі «Qazaqstan дауысы» мегажобасының финалисін қабылдады



Жаңақорған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тлеумбетов жуырда ғана өткен "Qazaqstan дауысы" мегажобасының финалисі, жерлесіміз, болашағынан зор үміт күттіретін жас әнші Нұрислам Тілеухан мен талант иесінің өмірдегі және өнердегі ұстаздары ата-анасын қабылдап, мерейлі жеңісіне деген ыстық ілтипатын білдірді.
Өнер додасында топ жарып, аудан халқының мақтанышына айналған жас әншінің өнер жолындағы еңбегіне шығармашылық табыс тілеп, алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде еліміздегі мегажобаның ақтық кезеңіне дейін сүрінбей жеткен финалисі Нұрислам Тлеухан құрмет көрсеткені үшін аудан әкіміне алғысын жеткізіп, қазақ өнерін әлемге таныту жолында аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.
26 шілде 2023 ж. 495 0