Баянауыл қорығындағы өртті сөндірді
Бүгін сағат 06:55-те тартылған күштер мен құралдардың қабылдаған шараларының арқасында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сөндірілді. Жалпы ауданы 4,7 гектар. Жанудың алдын ала себебі найзағай разряды, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ашық аумақта құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 6 қызметкер мен бір бірлік техника, орман шаруашылығынан 23 адам мен 7 бірлік техника, сондай-ақ бір авиаборт жұмылдырылды. Павлодар облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.