№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Спартакиада: қоржында қос алтын

Спартакиада: қоржында қос алтын



Қызылорда қаласында өтіп жатқан облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХVII дәстүрлі облыстық, қалалық
және аудандық жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері арасындағы спартакиада мәресіне жетті. Әр спорттан бақ сынаған мемлекеттік қызметшілер аудан абыройы үшін аянып қалмады.
Командалық сында біздің аудан көш бастады. Волейбол мен футболдан өткен бәсекеде Жаңақорған командасы алтын тұғырдан көрінді.

Дәстүрлі спартакиаданың алғашқы күні жаңақорғандық жігіттер шағын футболдан жарыс алаңына шықты. Топтық кезеңнен сүрінбеген
аяқдопшылар жартылай сында Қазалы құрамасын 3:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Шешуші ойында біздің команда қалалық әкімдікті 3:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шығып, чемпион атанды.
– Жылдан жылға бұл турнирдің деңгейі өсіп, жастардың қатары артып келеді. Мұның мақсаты – бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің достығын нығайту болатын. Биыл жақсы дайындықта келдік, бұйырғаны алтын болды. Жігіттер жарады, чемпиондықты келесі жылы да қорғап қалуға ниеттіміз, – деді команда капитаны, аудандық ауылшаруашылығы
мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов.
Команда құрамында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев,
Қожамберді ауылдық округінің әкімі Нұрқасым Сейтқасымов пен бас маман Дінмұхаммед Нұрлыбаев, М.Нәлібаев
ауылының бас маманы Тәжібек Тайбеков, аудандық сәулет, қала құрылысы және қүрылыс бөлімінің бас маманы Шыңғыс Маханұлы, аудандық тұрғын- үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Расул Қарахожаев, аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Ерболат Шайдаров, Талап, Қыраш,
Қыркеңсе ауылының бас мамандары Жәнібек Нұрлыбек, Әбдуәлі Бауыржан, Жасұлан Бердиев бар.
Енді республикалық спартакиадаға Сыр елінің атынан сынға түсетін құрама іріктеледі. Аймақ намысын қорғайтын
команда сапына бізден Жасұлан мен Дінмұхаммед шақырту алды.
Жарыстың келесі күні жерлестеріміз волейболдан өнер көрсетті. Бұл бәсекеде де біздің қарсыластар қалалық әкімдік пен Қазалы ауданы болды. Бұрымдылар мен жігіттерден құралған Жаңақорған құрамасы ақтық сында қарсылас шақ келтірмей тұғырдың ең биігінен көрінді.
Жаңақорған аудандық маслихаты аппаратының басшысы Алмасбек Жолдасбеков бастаған команда құрамында
Нұрқасым Сейітқасымов, Шыңғыс Маханұлы, Әбдуәлі Бауыржан сынды ойыншылар бар. Сондай-ақ, Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Мейіржан Насыров, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініңсектор меңгерушісі Бахыт Жексенбаев,
аудандық қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Жайна Жиенбаева, аудан әкімі аппаратының бас маманы Венера Ажимова және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Жанар Әбілпатта да аудан
абыройын асырып қайтты. Волейбол ел чемпионатына төрт бірдей ойыншы облыс құрамасына ілікті. Айта кететіні, қазақ күресінен Бахыт
Жексенбаев күміс жүлдені мойынға тақты. Жалпы есепте екі алтын мен бір күмісті еншілеген жаңақорғандық мемқызметкерлер спартакиаданы үздік нәтижемен қорытындылады.

Әли ТЕМІРБЕК
07 маусым 2023 ж. 160 0