№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 11 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

11 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған


МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтардың қатарында Қазалы ауданының ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері бар. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесу барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

МӘМС жүйесінде болу үшін үздіксіз төлемдер қажет. Алайда, сақтандырылмаған азаматтардың көпшілігі медициналық сақтандыруға тұрақты түрде жарна төлемейді. Тиісінше, медициналық қызметтерге толық қолжетімділік жоқ, деп атап өтті Бақыт Тұрғанбайұлы және аудан тұрғындарын МӘМС жүйесімен қамту жағдайы туралы хабарлады.
Баяндамашының айтуынша, Қазалы ауданында 77 мыңнан астам адам тұрады, оның 11,5 мыңы медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Олардың жартысынан астамы 12 ай бойы МӘМС-ке тұрақты түрде төлем жүргізбеген. Сақтандырылмағандардың ішінде ауданның ұйымдары мен мекемелерінің 3 мыңнан астам қызметкері бар. Сондай-ақ МӘМС-тен тыс бірқатар жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар және АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар бар.
Бұдан әрі кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен Қордың облыстық филиалының директоры МӘМС жүйесінің қағидаттарын, аударымдар мен жарналарды қалай төлеу керектігін, БЖТ артықшылықтары туралы және т. б. түсіндірді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары сұрақтарымен жүгінді. Әйтеке би кентінің емдеуге жатқызу бюросы порталында Алматыда көзіне ота жасату үшін кезегін күтіп, кезекті жылдамдатуды сұрап отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетовтың айтуынша, 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 «ҚР-да стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027218), жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін порталда жауапты маманмен жіберген кезде автоматты түрде айқындалады. Егер пациент порталда автоматты түрде белгіленген емдеуге жатқызудың жоспарланған күнінен бас тартса, МСАК-тың немесе басқа денсаулық сақтау ұйымының емдеуші дәрігері оған емдеуге жатқызудың неғұрлым кеш күнін немесе неғұрлым ертерек емдеуге жатқызу мүмкіндігі көзделетін басқа денсаулық сақтау ұйымын таңдауды ұсынады. Бұл мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.
Жиынды қорытындылаған ӘМСҚ-ның облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов МӘМС жүйесі мәселелері бойынша облыс тұрғындарымен кездесулер жалғасын табатынын атап өтті. Барлық сұрақтар бойынша 1414 бірыңғай Call-орталығы, 8 /7242/ 40 00 01 Қызылорда облыстық бірыңғай медициналық Call-орталығы, 8 /7242/ 55 10 16, 55 10 17 ӘМСҚ-ның филиалының байланыс номерлер бойынша хабарласуға болады.
31 мамыр 2023 ж. 198 0