№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ар, ақыл, ұждан – ұрпақ тәрбиесінің ұстыны

Ар, ақыл, ұждан – ұрпақ тәрбиесінің ұстыны



Өзінің туған жері саналатын Сыр топырағына мемлекетіміздің Бас ұстазы ретінде тұңғыш қадам басқан ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы Жаңақорған жұртшылығымен бейсенбі күні өткен жиында жаһандану дәуірінде де мәнін жоймаған Шәкәрәмнің осы бір тағылымын тілге тиек етуі көп көңіліндегіні дөп басқандай. Біз де осы тәмсілді тақырып етіп алдық. Өйткені қанша жаңардық, өркениетке көш ұзап кеттік десек те ұжданнан аттағанның ұтары болмайды екен.
Манап Көкенов атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың модераторлығымен өткен жиын осы өткір
қағиданың өзектілігін тағы бір шегелеп берді. Алдымен ведомство басшысы Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» облыстық
олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысып, осында білім алып жатқан «Сыр дарыны» академиясының оқушыларымен кездесті. Түс ауа белгіленген мәжіліске құқық қорғау өкілдері, салалық мекемелер мен ұжым басшылары, ҮЕҰ мүшелері және БАҚ өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстың барлық аудандары әкімдері, мектеп директорлары мен есепшілері, ата-аналар онлайн режимде қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе «Облыста білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбы талқыға салынды.
Барлығымызға белгілі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Педагогтардың мәртебесін заңмен бекітуі   нәтижесінде ұстаз жалақысы төрт жылда 25 пайыздан көтерілуінен еңбекақы 100 пайызға өсті. Құрметті мамандықтың көкжиегіне көлеңке түсірген көріністер елдің көңіліндегі мінсіз сеніммен мүлде үйлеспейді.
Міне, осы жөнінде нақтылап жеткізген облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы: «Соңғы үш жылда өңірімізде білім беру ұйымдарына 530 млрд
теңге қаржы қаралды. Оның 330 млрд теңгесі еңбекақы қорына бағытталған. Мемлекеттің осыншалықты қолдауына нәтижелі білім сапасымен жауап беру орнына орта білім беру ұйымдарында бюджетті дұрыс жоспарламау, қызметкерлерге артық жалақы аудару, заңсыз жұмсау, тіпті қаржы жымқыру фактілері орын алған» дей келе, 2020- 2021 жылдар аралығындағы қаржы аударымдарына тексеру нәтижесінде орта білім ұйымдарының жауапты тұлғаларына қатысты 16 қылмыстық іс қозғалғаны, жолсыздықтарды анықтау
әлі де жалғасып отырғанын айтты. Бұл жөнінде нақты деректер бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастығының міндетін атқарушы Асылхан Ашеков онлайн үлгіде хабарлама жасады.

– Ағымдағы жылдың 4 қаңтар мен 14 ақпан аралығында Қызылорда облысы білім басқармасы және оған қарасты мекемелерінің 2020-2021 жылдар аралығында еңбекақы төлеу бағытындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Статистикалық мәліметтерге келсек, өңірдің 2022 жылғы бюджеті 441,2 млрд теңге болса, оның 217 млрд теңгесі немесе 50 пайызы білім беру саласына
бағытталып отыр. Облыста 295 мектептің еңбекақы төлеу қоры кейінгі үш жылда 35 пайызға, яғни 138,6 млрд теңгеге ұлғайған, – деді ол.

Мекемелер тиісті бюджеттік өтінімдерді бағдарлама әкімшісіне ұсынуда заңдылықтарға сәйкес ерекшеліктерді ескермеуінен бюджет қаржысы артық жоспарланғанын жеткізді. Мәселен, Жаңақорған ауданы бойынша 42 мектептің 2021-2022 жылдарға тарификациясы 31,7 млрд теңгенің орнына 33,5 млрд теңгеге, яғни 1,7 млрд теңгеге артық жоспарланған. Оның ішінде 968 млн республикалық бюджеттен, 732 млн теңге жергілікті қазынадан бөлінген. Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті қалыптастыратын себептердің бірі қаржылық
операциялардың автоматтандырылмауы, яғни қолма-қол қағаз жүзінде жүргізілуі, екінші еңбекақы төлеу
желісіндегі тәуекелдердің бюджет қаржысын артық жоспарлауымен тікелей байланысты екенін айтты.
Облыстың бірқатар мектептерінде еңбекақыға бөлінген бюджет қаражаты мақсатсыз игерілгенін, яғни мекеме бас есепшілері
өздеріне жалақыдан тыс, негізсіз қаражат артық аударып отырғаны белгілі болған. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы №217 мектепте, Қазалы ауданындағы №266 мектепте, Арал ауданы кешкі мектебінде осындай кемшілік орын алған. Қазіргі таңда негізсіз шығын жасаған жауапты тұлғалардан 35 млн теңге қаржы толық бюджетке қайтарылыпты. Мұғалімдерге еңбекақы мен
үстемақы аудару барысында мектеп директорлары мен есепшілері ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, қаржы жымқыру фактілері орын алмауы үшін қолданыстағы жүйелердің өзара интеграциялануын қамтамасыз ету талабы күн тәртібіне қойылып отырғанын жеткізді.
Жалпы білім беру ұйымдарында қаржыны жымқыру деректері бойынша 15 қылмыстық іс тергелуде. Келтірілген 15 залал шығынның сомасы 543 млн теңгені құрайды. Оның ішінде аудит барысында 91,5 млн теңгесі бюджетАр, ақыл, ұждан – ұрпақ
тәрбиеСінің ұСтыны ке қайтарылыпты. Мемлекеттік сатып алу талаптарының бұзылуы саланы қаржыландырудың ашықтығына, тиімділігіне, айқындығына көлеңке түсіреді. Ашық конкурс негізінде жүргізілуі тиіс шарттардың техникалық сипаттамасын әзірлеу бағытында келісілген тарапқа артықшылық жасалуы өзге бәсекелестеріне қарсы қолдан қолайсыз кемшіліктердің қордалануына, яғни
сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдердің тууына әкеліп соққан. Департамент басшылығы бұл заңсыздықтардың жолын кесуде нақты ұсынымдарын жария етті. 18 жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 директор мен 5 есепшінің жұмыстан босатылғанын айтты.
Білім саласы қай кезде де ашықтық қағидатын ұстануға міндетті. Көп ретте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде ішкі талдау жұмыстарын ұдайы жүргізу керек. Бұл мәселе таяуда ғана облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында қаралып, облыс әкімі тиісті тараптарға нақты тапсырмалар берді.
Білім ұйымдарында қаражаттың негізсіз пайдалану фактілері мен рәсімдік сипаттағы кемшіліктерді жою, оларды алдағы уақытта болдырмау мақсатында арнайы жоспар әзірленіп, бақылауды күшейту айтылды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстарды облыстық білім
басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбетов баяндады.

Әділетті Қазақстан әділетті мектептен басталады

ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлы әңгімесін осылай бастады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел аймағын түгел аралап, халықпен кездесу міндетіміз. Осы миссиямыздың мәнісіне мін түсірген келеңсіз оқиғалар көңілімізді түсіріп тұрғанын да жасырмаймын. Мұғалім – ағартушы. Ел өмірін жақсылыққа бастайтын, тазалықты қалыптастыратын, сертке берік, сенімге сай қатаң қағиданың күзетшілері деп бағалайды ұстазды. Ұстаздар осы биігінен түспеуі керек. Мемлекет басшысы білім саласын басты назарында ұстап отыр. 2020-2022 жылдар аралығында білім саласына бөлінген қаржы көлемі алдағы 3 жылдан 2,5-3 есеге артық. Жайлы мектеп жобасы дүниеге келді, – деді ол.

Министр бұдан әрі білім жүйесінің толық цифрландыруға көшетінін айтты. Бұл жағдайда ашықтық пен жариялылық орнығады. Бюджеттің әр тиынының қайда жұмсалып жатқаны ашық кеңістікте әмбеге аян, бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Кадрлық резервті
жасақтау да күн тәртібінде тұр. Мектеп директорлары жұмысын жолға қоя алмаған жағдайда кез келген қабілеті мықты кадр орын алмастыруға сақадай сай тұруы керек. Білімгерлерді «Алтын белгімен» марапаттау да сән емес, ол білімнің шынайы көрсеткіші болуы  керек. Мұғалімдерді аттестациялау механизмі автоматтандырылған жағдайда адами факторлар алмастырып жүрген сыбайластықтың жолы
кесілетін болады. Мектептегі шараларға ақша жинау тоқтатылу керек. Мұны әр мектеп өзінен бастауы керек.

– Қазақтың туа біткен үш құндылығы бар. Ол – ар-ұждан мен ұят, намыс. Ендеше, ұлттық тәрбиені қолға алғанда ар мен ұятты жаңғырту керек. Адамның ішкі тежеуіш күші ретінде келеңсіз жағдайға бармауына осындай үш құндылық, үш қасиет қана көмектеседі. Ар мен ұяты бар адам ешқашанда өзгенің құқына қол сұққан емес. Бүгінгі жағдай бала келешегіне қол сұғумен бірдей. Жұмысқа қабылдауға байланысты бас прокуратура арқылы мектептерде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орнын бүгінде саны 10 мыңнан 50 мыңға артқан білікті мұғалімдер алмастыруы керек. Біз бұл жаңару талаптарының барлығын кезінде қазақтың тұңғыш астанасы, оқу-ағарту орталығы болған Қызылордадан бастамақпыз. Қазіргі уақытта өңірде білім саласының
бюджеті 262 млрд теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 45 пайызын құрап отыр. Республика бойынша білім сапасы жөнінен Қызылорда облысы бірінші орында тұр екен. Бұл үлкен жетістік – деді министр.


Жиында көпшілік тарапынан сөз алған Манап ауылынан келген ел ағасы Мейірбек Қуанышбеков жасөспірімдер арасындағы төбелесті жоюдың ықпалды тетіктерін қалыптастыруды талап етсе, кент тұрғыны, еңбек ардагері Әбибулла Шерімбетов жас өскінді түзу
жолға салуда ислам ахлағына, яғни мұсылмандық мінез-құлыққа, ешкім ешкімге қиянат жасамайтын, өтірік айтпайтын, адал сөйлеп, таза жүріптұратын имандылық қасиеттерге иек артудың артық болмайтынын қаперге салып, осындай тәлім-тәрбиені жеткіншек бойына жалтақсыз егуде мемлекет тарапынан жанашыр да, пәрменді қолдау қажеттігін айтты.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекетіміздің білім саясатына бағытталып олтырған барлық қамқорлықтарына іспен жауап берудің маңызына тоқталды.
Біздің аймақта екі-үш жыл ішінде 21 «Жайлы мектеп» пайдалануға берілмек. Оған 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Биыл соның 10-ын салып бітіреміз. Оның екеуі Жаңақорғанның еншісінде, - деп қуантты жұртшылықты. Салиқалы жиыннан салмақты жүк арқаланып шыққан жұртшылық келер күнге жаңа сана, жаңа көзқараспен қадам басса игі.
Мұнан әрі министр бастаған делегация Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп-лицейін аралап, мектеп ұжымына жаңа автобустың кілтін табыстады. Одан әрі Шиелі ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебінде болып, білім беру мазмұнымен танысты.
Аталмыш оқу ошағында екі ауданның озық педагогтерімен кездесіп, саладғы мәселерді талқылады.

                                                                                                                                                Баян Үсейінова
29 сәуір 2023 ж. 119 0