№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қош бол, ардақты аға!

Қош бол, ардақты аға!



Ораза айт мерекесінің алғашқы күні Жаңақорған кентінің тұрғыны, білім саласының құрметті ардагері, ауданның "Құрметті азаматы", абыз ақсақал Жүніс Үпенұлы дүниеден озды.
Жүніс ақсақалды әрбір мереке күні арнайы құттықтап, ақ батасын алу үрдіске айналған еді. Қарияның парасатты, ұстамды, білімді, қарапайым мінезді азамат ретінде сыйлайтын едім. Балалық шағы ашаршылық жылдармен тұспа - тұс келіп, қазақ халқының басынан өткен сұрапыл замандарды бастан кешті. Он жеті жасынан зейнет жасына дейін ауданның білім саласында талмай еңбектеніп, іскерлігі және ұйымдастырушылық қабілетімен жұртшылықты игі істерге жұмылдыра білді. Осылайша ауданның барша білім саласы қызметкерлерінің құрметті ұстазы, абыз ақсақалы бола білді.
Алланың ісіне амал бар ма, сұм ажал ортамыздан алып кетті. Ел үшін істеген игі істері мен жақсылықтары иман болып жиналып, мәңгілік мекенде серік болсын дегеннен басқа шара болмай тұр.
Ағамыздың туған – туыстарына, ұл - қыздарына көңіл айта отырып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
22 сәуір 2023 ж. 179 0