№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бильярд сайысының чемпионы атанды

Бильярд сайысының чемпионы атанды



2023 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметтегі ерлер арасында «бильярд» ойынынан сайыс өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты ұжымдағы әріптестік қарым - қатынасты күшейту және бос уақытты тиімді өткізу болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік органдардағы қызметшілер тараптарынан үлкен қызығушылық болып, сайысқа белсене қатысушылар саны жоғары болды.
Қызылорда облысы бойынша 20 мемлекеттік органнан 39 ер адам қатысқан сайыстың қорытындысымен, Жаңақорған ауданының намысын қорғаған ер жігітіміз “Жаңақорған ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Дәулет Оразәліұлы Өмірәлиев жеңімпаз деп танылып, жүлделі бірінші орынды қанжығалады.
22 сәуір 2023 ж. 95 0