№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі»

«Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі»



Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігінің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады, сол себепті автокөлік жүргізушулеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін, жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйіне бақылап отыруы қажет.
Ең алдымен әрбір автомобильде жарамды өрт сөндіргіш болуы керек. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда оны барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіруге кірісу үшін оңай қол жетімді жерде болуы керек. Яғни, өрт сөндіргіш міндетті түрде сенімді және мықты бекітілуі тиіс. Өрт сөндіргіштің жағдайын үнемі тексеріңіз. Онда майысқан және ісіну болмауы керек. Баллон қызып кетпеуі, бүріккіш еркін қозғалуы, ал оның элементтері деформацияланбауы тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломба сақталуға керек. Осы қарапайым шарттардың кез келген бұзылуы құрылғыны ауыстыру үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштің автокөлікте орналасуын ұмытпау керек. Баллонды жүк салғышқа лақтырудың қажеті жоқ. Өрт сөндіргішті салонға бекітіңіз, алайда қауіп туындаған жағдайда оған оңай жету үшін тым алысқа жинамаңыз. Өрт сөндіргішті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты елемеуге болмайды. Төтенше жағдайға дейін бірнеше минут бөліп оқу және пайдалану ережелерін есте сақтау керек. Жану белгілері — түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін аккумулятордан ажыратыңыз. Барлық жолаушылардың денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін көлік құралынан кетіп қалуы тиіс. Олардың міндеті айналадағы жүргізушілердің назарын аудару. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып және қауіп жағдайында бір-бірілеріңізге көмектесе отырып, сіз тек қана автомобильді ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың өмірін де сақтайсыз.

                                                                                                                          Жаңақорған ауданы
                                                                                                                          Төтенше жағдайлар бөлімі.
07 сәуір 2023 ж. 140 0