№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқуға түсуге шақырамыз!

Оқуға түсуге шақырамыз!



Еліміз дамыған сайын көптеген ірі оқу орындары ашылып, қоғамға қажетті мамандықтар өз пайдасын тигізуде. Сондай ірі оқу орындарының бірі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып табылады. Бұл оқу орны Көкшетау қаласында орналасқан М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы 
жылдан жылға өзінің базасын үлкейтіп, заман талабына сай түлектерді оқытып шығаруда.
Азаматтық қорғау органының осы оқу орны талай түлектерге мамандық сыйлап, иықтарына лейтенант атағын тақты. Қазіргі таңда еліміздің көптеген қалаларында, облыстарында, аудандарында қаншама маман жұмыс атқаруда. Мақсаты адам өмірін құтқару, төтенше жағдайды болдырмау, өрт деген тілсіз жаудың алдын алу, халықтың  құнды мүлкін аман сақтап қалу.
 Оқудың оң жақтары өте көп. Курсант төрт  жыл тегін оқып, жататын жері және әскери киіммен, тамақпен қамтамасыз етіледі. Бітірген жас түлек бірден лейтенант шенін алады. Жұмыспен қамтамасыз етіледі.  Оқудың нанын жеу үшін әлбетте білімді болуыңыз қажет. Екіншіден денешыдамдылығыңыз мықты болуы тиіс.
           Қазіргі мектеп бітіруші түлекетерге мамандық таңдау – маңызды мәселе. Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Шындығына келер болсақ, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды деген ой қалыптасқан десекте болады.                          Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу-білім алу, көп тер төгу, мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.
           Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтардың бірі – «Өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» мамандығы болып табылады. Осы салада білікті мамандардың керек екені рас. Бұл мамандық бойынша елімізде жалғыз оқу орны бар. Ол – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.

                                                                                                                                  Төтенше жағдай бөлімінің
30 наурыз 2023 ж. 188 0